Архив событий

29/08/2016

Құрметті оқырмандар!

29/08/2016

Атырау облысының барша судьялар корпусы атынан шын жүректен Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймын!

Биылғы жыл қазақстандықтар үшін ерекше, өйткені біз егеменді және тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасуының 25- жылдық мерей тойын тойлаудамыз. Өткен жылы ғана Конституциямыздың мерей тойын атап өткен едік.

Атырау облысы соттары Конституция күніне орай салтанатты шаралар өткізді

29/08/2016

Атырау қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары мен мамандарының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Ата Заң –елдігіміздің еңсесі» атты  мерекелік шара өткізілді.

Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, Атырау қаласының мамандандырылған соты төрағасының міндетін  атқарушы Ф.Ж.Ансариева мамандарды елеулі мерекемен құттықтап, жасалып жатырған жұмыстарына табыс тіледі.

Ювеналды сотта сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыру мақсатында семинар сабақ өткізілді

29/08/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Соттар қызметіне мониторинг- сот төрелігін жүзеге асыру және жұмысты ұйымдастыру бойынша соттар қызметінің бақылау және бағалау жүйесі» тақырыбы аясында сот қызметкерлері арасында  семинар сабағы өткізілді.

Атырау облысы Исатай аудандық сотында сақтандыру компанияларына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы электронды қаулыларын ұсыну мәселелері талқыланды

29/08/2016

Атырау облысы Исатай аудандық сотында сақтандыру компанияларына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы электронды қаулыларын ұсыну мәселелері талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған іс-шараға Исатай аудандық сотының судьялары Ж.Е.Мухаметова, Е.Ж.Абдраманов, соттың қызметкерлері, Исатай аудандық ІІБ-нің ЖППТ-ның және УПИ инспекторлары, аудан прокурорының орынбасары Ж.Жұмағазиев қатысты.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында дөңгелек үстел өтті

29/08/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  «Әкімшілік  құқық бұзушылық хаттамада сақтандыру полистің нөмірі мен сақтандыру компаниясының атауын көрсету»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  

Қызылқоға аудандық сотында пилоттық жоба бойынша сақтандыру компаниясына электрондық түрдегі қаулыларды беру мәселесі талқыланды

29/08/2016

Қызылқоға  аудандық  сотында «Пилоттық  жоба  бойынша  сақтандыру компаниясына  электрондық  түрдегі   қаулыларды беру  мәселесі»  тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл шара аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы А.С.Сырғабаеваның, сот мамандары мен  Қызылқоға  аудандық  ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатынасуымен өтті.