Архив событий

01/08/2016

Азаматтық іс соттылығы бойынша жіберілді

01/08/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің «Тенгизшевройл» ЖШС-нен мемлекет пайдасына 167 278 899 теңге өндіру туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Құлсарыда жүкті әйелді масаң күйде көлік жүргізгені үшін айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартты

01/08/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында масаң күйдегі жікті әйелге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, азаматша А.К. 2016 жылдың маусым айында жүкті күйінде «Киа Рио» маркалы көліктіжүргізіп, Құлсары қаласындағы «Қуаныш» дүкенінің жанында полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.

Әкімшілік құжаттарды толтыру барысында әйелдің жүкітілік жағдайына қарамастан алкогольден масаю күйінде болғаны анықталды.

Мәжбүрлеп емдету талабы қанағаттандырылды

01/08/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «М.Ғилаев атындағы Құрманғазы аудандық туберкулез ауруханасы» КМҚК-ны Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылының тұрғыны С.Г.-ны мәжбүрлеп емдеу мекемесіне жіберу мәселесін сұраған арызы қаралды. 

Сотпен С.Г.-ның туберкулездің жұқпалы ашық түрімен ауыратыны және оның емделуден бас тартатыны анықталды.

Жылыой ауданында заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырылған

01/08/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен сотталушы Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің мәні бойынша, Б. 2016 жылдың наурыз айынан бастап жеке кәсіпкер ретінде Салық органына тіркелмей «Беркат» орталық базарының бірінші ғимаратында орналасқан «Inbet» букмекерлік кеңсесі ішінде лезде ұтыс беретін заңсыз букмекерлік кеңсесін ұйымдастырған.

Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Байменова Сәуле Ғизатқызын туған күнімен құттықтаймыз!

01/08/2016

Атырау облыстық сотының ұжымы облыстық соттың судьясы Байменова Сәуле Ғизатқызын туған күнімен құттықтайды!

Шын жүректен Сәуле Ғизатқызына зор денсаулық, қажымас қайрат, махаббат пен  бақыт тілейміз! Әрқашан жүрегіңізде жылулық орнап, армандарыңыз орындала берсін! Жүгі ауыр, жауапты қызметіңізде сәттіліктер серігіңізге айналсын!

Теңіздей бақыт тілей отырып, шаңырағыңызда береке мен бірлік болып, қарыштап басқан әр қадамыңыз жаңа қайырлы істерге жол ашсын! Ұзақ жылдар бойы осы ғажайып қалпыңыздан арылмаңыз!