Архив событий

08/08/2016

Құрманғазы ауданында «Медиация-татуласу тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

08/08/2016

Құрманғазы аудандық сотының ұйымдастырумен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында  «Медиация туралы» Заңының қабылдану күні қарсаңында «Медиация-татуласу тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға судьялар, сот мамандары,Құрманғазы ауданы бойынша барлық ауылдық округ әкімдері,кәсіби емес медиатор Т.Елеусинов, кәсіпқой медиатор Ж.Нұрланұлы және БАҚ-нің өкілдері қатысты.

Адвокаттың тұрғындарға тегін заң көмегі

08/08/2016

Индер аудандық сотында  азаматтардың сот сотқа деген сенімін арттыру және оларға құқықтың кеңес беру мақсатында адвокат Т.Жаксымбетовтың қатысуымен  «Адвокаттар тегін заң көмегін көрсетеді» акциясы өтті.

Атырау облысы адвокаттар алқасының мүшесі жеке адвокат Т.Жақсымбетов сотқа келген  азаматтарымен кездесті.

Ұры ағасының заттарын жымқырған

08/08/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігімен сотталушы АЖ.-ға қатысты қылмыстық іс  қаралды.

Сыраның кесірі

08/08/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлімімен Р.М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Р.М. ағымдағы жылдың маусымын айында Береке ауылында орналасқан «Даулет» дүкені тұсында алкогольдік жағдайда тұрған досы С.О.-ға «Ваз 21214» маркалы өзінің автокөлігін басқаруға берген.

Сот жүргізушіге айыппұл салынып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды

08/08/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Респубдикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігімен құқықбұзушы  А.Х.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2016 жылдың маусым айында А.Х. өзінің басқаруындағы «Opel Frontera» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, жол жүрісі Қағидаларының 10.1 – тармағының талабын сақтамай, жол қауіпсіздігін қадағаламай, Атырау қаласы, Абай көшесі «Кеден» мекемесі тұсына келгенде алдында солға бұрылайын деп тоқтап тұрған «Lada 21947» маркалы автокөлігінің артынан соқтығыс жасаған.

Қоғамдық орындағы тәртіпсіздік үшін жазаға тартылды

08/08/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотымен құқықбұзушы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы А. алкогольдік ішімдіктер iшкенi және қоғамдық орында адамның қадiр-қасиетiне нұқсан келтіретіндей түрде жүргені үшін  әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған тұлға бола тұра, 2016 жылдың  маусым айында Қонаев көшесіндегі үйдің 1-ші подьезінде, қоғамдық орында адамның қадiр-қасиетiне және қоғамдық имандылықты қорлайтындай алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде жүрген.

Қамаққа алу жазасы тағайындалды

08/08/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен С.А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған қамаққа алу жазасы тағайындалды.

С.А. 2016 жылдың шілде айында алкогольден масаю күйінде өзінің Ганюшкин ауылында орналасқан  үйінде жұбайы А.Г.-ға тиісіп, былапыт сөздермен тілдеп, жанұя тыныштығын бұзған.

Сот отырысында С.А. өз кінәсін жартылай мойындап, сол күні үйіне арақ ішкен күйінде келгенін, алайда жұбайына тиіспегендігін көрсетті.