Архив событий

18/08/2016

Махамбет ауданында сот мен әкімдік арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті

18/08/2016

Махамбет аудандық әкімі аппаратының мәжіліс залында Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Алимұхаммед Құттымұрат-ұлы мен Махамбет аудандық сотының төрағасы Қадырғалиев Базарғали Мамышұлы  арасында өзара ынтымақтастық туралы  Меморандумға  қол қою рәсімі өткізілді.

Кәсіби емес медиаторлар есеп берді

18/08/2016

Индер аудандық сотында «Кәсіби емес медиаторлардың есебі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот төрағасы Д.Тухфатова,судья А.Құспанов, кәсіби емес медиаторлар, кент әкімі аппараты мен ауылдық округ аппаратының мамандары, «Дендер» газетінің өкілі   қатысты.

Баяндамашы аға сот приставы Г.Егизбаева медиация заңы мен медиаторларға қойылатын талаптар мен іс қарауда медиацияны қолдану тәртібін түсіндірді.

Азаматтың пробация инспекторын сатып алу әрекеті мемлекет пайдасына 424 200 тенге төлеумен аяқталды

18/08/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ӘҚтК-нің 676 бабы бойынша (заңсыз материалдық сыйақы жасау) А.Г. есімді тұлғаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көзделгендей, А.Г. бұрын сотталған бола тұра  Атырау облысы қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің пробация инспекторының прбациялық бақылауында болған.

Сөйтіп 2016 жылдың 05 мамырында А.Г. Атырау қаласының Пробация қызметіне шақыртылған.

Атырау облысының Исатай ауданында ақымақ ұл анасына қол көтерген

18/08/2016

Исатай аудандық сотында ҚР ҚК-нің 109 бабымен анасының баласына қатысты арызданған жеке айыптау ісі қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, 25 жасар азамат Д. түнде достарымен үйіне келіп,  ауласында тұрған көлікті «тарсылдатып» соғып, тыныштықты бұзған. Сол кезде анасы шығып оларға ауладан кетуді өтінген.

Бірақ баласы анасының айтқанын тыңдамай, оны балағаттап, қолын қатігездікпен қайырып, сарайға апарып, қамап қойған.  Алайда, анасы қамаудан амалын тауып босап шығып, полицияға барып шағымданған.