Алкогольдік ішімдік ішкені үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көптеген құқық бұзушылықтар мастықтың нәтижесінде жасалады.  Елімізде маскүнемдіктің алдын алу, оған жол бермеу мақсатында тиісті заң нормаларындағы жауапкершіліктер қатаңдатылған. Аталған құқық бұзушылық түрі үшін жауапкершілік қатаңдатылғанымен бұл мәселе маңызды болып қала береді.

Соның бір мысалы, Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен қоғамдық орында мас күйінде жүріп, адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық моральға нұқсан келтірген У.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқықбұзушы У. бір жылдың ішінде екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылса да, тиісті қорытынды шығармай, үшінші рет масаң күйде ұсталған.

Сот кінәні жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескеріп, У.-ға 2 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Источник: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі