Алкоголизмнен мәжбүрлеп емдетуге жолданды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Мақат аудандық сотымен Мақат аудандық орталық ауруханасы ШЖҚ КМҚК-ның сотқа жолдаған арызымен азамат У.С.-ның сараптама қорытындысына сай алкоголизмге шалдыққаны, емдетуді қажет ететіні, ерікті түрде емделуден жалтарғаны, наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық іс қаралды .

1995 жылғы 7 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» N 2184 Заңының 4 бабында, алкоголизмге, нашақорлық немесе уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеуге жiберудi ресiмдеудi аурудың туыстарының, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, iшкi iстер, прокуратура, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының бастамасымен медициналық қорытынды бар болған жағдайда мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады. 

Сот отырысында анықталғандай азамат У.С. ерікті түрде емделуден жалтарғаны арызданушы өкілінің, зайыбының, жауапкердің өзінің көрсетімдерімен анықталғанын ескере отырып, арыз иесінің арызы қанағаттандырылуға шешім шығарылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.  

Источник: 
Атырау облысы Мақат аудандық сотының баспасөз қызметі