Атырау облыстық сотында судьялармен семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотында азаматтық және әкімшілік істерді қарауға мамандандырылған судьялармен семинар өткізілді.

Семинарды облыстық сот судьясы Оқу орталығының жетекшісі Г.Нұржігітова жүргізді.

Шараға азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары, қалалық соттың судьялары қатысты, ал шалғайдағы аудандық сот судьялары бейнебайланыс желісі арқылы қатысты.

Семинар барысында Атырау облыстық сотының судьясы Б.Нұржанова «Еңбек дауымен байланысты азаматтық істерді қарау тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасап, аталған санаттағы істерді қарауда судьялармен жіберілетін қателіктер туралы айтты.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ж.Хабаров «Жол қозғалысы аясындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер» тақырыбындағы баяндамасында қатысушыларға келесі ұсыныстарға назар аудару қажеттілігін хабарлады. Олар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасақтаған кезде ӘҚБтК-нің 803 бабының нормаларын қолдану, құқық бұзушылық мәнінің толықтай көрсетілуіне көңіл аудару, іс бойынша дәлелдемелерді толық көрсету, құжаттарды және іс бойынша дәлелдемелерді жинауға немқұрайлылықпен қарауды болдырмау.

Исатай аудандық сотының судьясы Ж.Мухаметова өз баяндамасында қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қолдану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау тәжірибесіне тоқталды.

Сонымен қатар, семинар барысында ағымдағы жылдың 9 айында сот актілерінің өзгертілуі мен бұзылу себептері талқыланып, процессуалдық және материалдық нормалардың бұзылу фактілерін жою бойынша ұсынымдар берілді.

Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі