Экономикалық сотта дау татуласу келісімін жасақтаумен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Кемежөндеуші» ЖШС-нің жауапкер Ж.У.Сагиндикова жеке кәсіпкерінен 1 567 633 теңге қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Істі сот талқылауына дайындау барысында сот тараптарға істі татуласу рәсімдерін қолдану арқылы аяқтауды ұсынды, татауласу келісімі, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасау тәртібін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу тәртібін, олардың құқықтық салдарын, артықшылықтарын түсіндірді.

Сот отырысында тараптардың өкілдері соттан тараптар арасында жасақталған татулау келісімін бекітіп, іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.

Сот ұйғарымымен татауласу келісімі бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Источник: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі