Есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденгені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық соты есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемдену болып табылатын қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталушы Р.М.-ға қатысты үкім шығарды.

Cотталушы Р.М. Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылында орналасқан Тәуелсіздік саябағына барып, Шарон өзенінің жағалауында өсіп жатырған конопля түріндегі жабайы өсімдігін қолымен жұлып алып, өзімен бірге әкелген қара түсті полиэтилен пакетіне салып, жеке пайдалану мақсатында үйіне алып бара жатқан кезде полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сот-химиялық сараптама қорытындысымен аталған өсімдік кептірілмеген марихуана түріндегі есірткі заты болып танылған.          

Сотт Р.М. өз кінәсін толықтай мойындап, марихуана есірткі затын өзі көптен пайдаланатынын, сол үшін жинайтынын, оны кептіріп, сақтап, пайдаланатынын айтты.

Сот үкімімен Р.М. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 180 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Источник: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі