Құрманғазы аудандық сотында дөнгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 21 ақпан күні  Құрманғазы аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру мақсатында дөнгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы Е.К.Аманғалиев, Құрманғазы аудандық сотының судьясы Б.М.Менситова, Қазақстан-Атырау телеарнасы, Құрманғазы аудандық қоғамдық-саяси «Серпер» газетінің тілшісі А.Шакупова,"Нұр Отан" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Атырау  облысы, Құрманғазы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Тажибаев Ө.С., Құрманғазы ауданының прокурорының прокуроры Ф.Аруов, Құрманғазы аудандық ІІБ-нің бастығы полиция подполковнигі Е. Бигамбаев,Орлы округінің әкім кеңесшісі А.Кибатуллин, Сүіндік округінің әкімінің кеңесшісі А.Г.Жахиен,Теңіз округінің бас маманы Ж.Акмуханова, Дәшін округінің бас маманы Г.Абдоллаева, Ганюшкин округінің бас маман Суфальдярова, Бірлік округінің бас маманы Сиражева, Көптоғай округінің бас маманы Р.Рисов, Атырау-Жарық» АҚ-ның басшысы Д.Хайрошев, Құрманғазы аудандық маслихат хатшысы Жүгінісов Б.Т.,  Мақаш округінің бас маманы Т.Хамзаева,  Мақаш округінің медиаторы И.Галиев, Нұржау округінің бас маманы Г.Мажитов, Атырау облысы бойынша кәсіби медиатор Ж.Нұрланұлы, Қиғаш округінің бас маманы С.Умиралиева, Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің басшысының орынбасары З.Ертаева, «Қазақтелеком» АҚ-ның аудандық телекомуникация торабы Н.П.Мағазов, Акколь округінің бас маманы Е.Нұгманов және сот қызметкерлері қатысты.

Төраға Е.К.Аманғалиев сөз сөйлеу барысында Жоғарғы Сотпен даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы іске қосылғанын атап өтті. Пилоттық жобаның мақсаты – жеке адамдардың, болмаса заңды тұлғалардың арасында туындауы мүмкін дауларды медиация тәртібімен сотқа арызданбай тұрып-ақ реттеуді азаматтық сот iciн жүргізуге енгізу болып табылатынын, ал, жобаның міндеттеріне татуластыру рәсімдерін, (оның ішінде медиациямен) қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың сотқа жүгінбей-ақ дауды шешу мүдделілігін анықтау болып табылатынын атады.

Шара соңында барлық қатысушыларға арыздардың, талап-тілектің және дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің үлгілері тапсырылды  

 

Қайнар: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі