Қызылқоға аудандық сотында «Гендерлік саясатты іске асыру - заман талабы» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының судьялары мен сот мамандарының арасында гендерлік саясатты насихаттау жұмыстарын одан әрі жетілдіру мақсатында «Гендерлік саясатты іске асыру – заман талабы» тақырыбында семинар өткізілді.

Соттың жетекші маманы С.Нургалиева өз баяндамасында Елбасының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы Жарлығымен қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілгенін, аталған құжатта кемсітушіліктің барлық түрлерін болдырмауға бағытталумен қатар, бүтіндей қоғамның мәселелері қамтылғаны атап көрсетілді.

Аудандық сот төрағасы А.Досмагамбетова семинарды қорытындылай келіп, гендерлік саясатты насихаттау жұмыстарын одан әрі жалғастыру қажеттігін айтып, сот тәжірибесіндегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты істерді қарау барысында туындаған кейбір жағдайлар мен заң талаптарына тоқталып өтті.

Семинар соңында өзара пікір алмасу болды.

Источник: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі