Мал ұрлады деп күдіктелген 21 жасар жігіт қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында заңсыз кірумен бірнеше рет ұрлық жасаған деп күдіктелген Н.Е.-ге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхат  қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, орын алған ұрлық фактілері бойынша 2017 жылғы 13 қазанында күдікті Н.Е. ұсталып, оның іс әрекеті жеті факт бойынша әр қайсысы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3) тармағымен сараланып, бір өндіріске біріктірілген.

Прокурор тергеушінің өтінішхатын қолдау жөнінде пікірінде күдікті Н.Ә-ға күдік келтіруге кейбір эпизодтар бойынша айғақ заттардың болуы, өзінің мойындау түсініктемелері негіз болғанын, күзетпен ұстаудың негіздері ретінде күдіктінің тұрақты тұрғылықты жері болмауына байланысты қудалау органынан немесе соттан жасырыну мүмкін екенін, оның бірнеше қылмыс жасағанын ескеріп өтінішті қанағаттандыруды сұраған.

Тергеу судьясының қаулысымен күдікті  Н.Ә.-ға 2  ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкциясы берілді.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының бапсаөз қызметі