Медиациялық келісім жасау арқылы отбасы сақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы О.А.-ның  жауапкер А.Р.-мен арадағы некесін бұзу туралы азаматтық іс медиацияны қолданумен аяқталды.

Соттың ұйғарымымен жауапкердің өтініші бойынша тараптарға татуласу мерзімі берілген. Бастапқыда талап қоюшы татуласуға қарсы болғанымен, белгіленген мерзім аяқталған күні жауапкермен медиациялық келісімге келуіне байланысты, талабынан бас тартып, істі медиация тәртібінде қарауды сұрады.

Жауапкер отбасын сақтап қалу мақсатында талап қоюшымен медиациялық келісімге келіп, келісім бойынша өзіне алған міндеттерді орындады.      

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.   

Источник: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі