Медиатор судьяның көмегімен отбасы сақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Мақат аудандық сотында талап қоюшы Е.М.-ның жауапкер Д.Д.-ға араларындағы  тіркелген некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, талап қоюшы өзінің талап арызында жауапкермен  араларындағы неке тіркелгенін, ортақ некеден араларында  кәмелет жасқа толмаған 2 баласы бар екенін, жауапкер отбасына,  балаларына  көңіл бөлмейтінін көрсетіп, некені бұзуды  сұраған.

Сот отырысы барысында тараптар медиатор ретінде төрағалық етуші судьяның қатысуымен өздеріне  тиімді  шарттармен медиациялық келісімге келіп, ол медиативтік келісімге сәйкес жауапкер  Д.Д. талап қоюшы Е.М.-дан жанын жаралағаны үшін кешірім сұрап, отбасына, балаларына көңіл бөлуге, отбасының тыныштығын бұзбауға уәде береді.

Аталған  азаматтық іс медиациялық келісіммен аяқталу нәтижесінде отбасы сақталып, жауапкер соттың алдында уәде берді.

Медиациялық келісім бекітіліп, азаматтық  іс сот өндірісінен қасқартылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облысы Мақат аудандық сотының баспасөз қызметі