Соттар әкімшісінің орынбасары соттардағы іс қағаздарын жүргізу және сот ісін жүргізу жұмыстарын жақсартуды тапсырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотында соттар кеңсесі меңгерушілері мен қызметкерлерінің арасында облыс соттарында іс қағаздарын жүргізу және сот ісін жүргізу мәселелері бойынша жиналыс өтті.

Шараға кеңсе меңгерушілері және соттардағы статистикаға жауапты сот қызметкерлері қатысты. Жиналысты Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Б.Жолдаспаева жүргізіп, «Сот кабинетінің» мобильді нұсқасының жұмысын кеңінен насихаттауға шақырды.

«Сот кабинеті» сервисін алға қарай дамыту және жаңғырту бойынша мобильдік қондырғылар арқылы сот органдарымен ұсынылған сервистерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін «Сот кабинеті» Мобильдік қосымшасы жасақталды.  Бұл қосымша жеке және заңды тұлғалар үшін де қолжетімді болмақ. Мобильдік «Сот кабинеті» қосымшасы «Сот кабинеті» сервисінің көпшілігімен синхрондалған, олар: берілген және шығысты күтудегі құжаттарды қарау, сот отырысына қатысушылар күнтізбесі, істерді қарау тізімі және ескертулер» - дейді Б.Жолдаспаева.

Сонымен қатар, ол «Сот кабинеті» Мобильдік қосымшасының бөлігі ретінде қосымшаны пайланушылар арасындағы «Чат» мәтіндік хабарламалар, «Бөлісу» ортақ танысу және талқылау үшін әлеуметтік желілердегі жаңалықтармен бөлісу болып табылатынын айтты.

Шара барысында Соттар әкімшісінің бөлім басшылары өз баяндамаларында «Төрелік» АЖ-де іс қағаздарын жүргізу және сот ісін жүргізу  мәселелерін, соттарда істерді автоматты түрде бөлу жүйесін және «Е-кадр» сервисін  қолдану туралы сөз қозғады.

Персоналдық басқару бөлімінің басшысы Г.Шотбаева қатысушыларды «Төрелік» АЖ-не кадрлық мәселелер бойынша енгізілген жаңашылдықтармен таныстырды. «Енді сот қызметкерлері жұмыс орны туралы және жалақысы туралы анықтамаларды «Төрелік» жүйесі арқылы электрондық қолтаңба қойылған нұсқасын алуға мүмкіндіктері болады» - деді Г.Шотбаева.

Шара соңында Б.Жолдаспаева барлық құжаттарды Қазақстан Республикасы Жоғары Сотымен бекітілген номенклатураға сәйкес тіркеу қажеттігін ескертіп, ағымдағы жылдың 9 айында жіберілген барлық кемшіліктерді жою туралы тапсырма берді.

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі