Тараптар медиация жолымен келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында талап қоюшы Г.-ның жауапкер Е.-ге неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Ерлі-зайыптылар арасында қызғаныш пайда болып, ол отбасылық ұрыс-керіске әкелген. Шектен шыққан жанжалдан талап қоюшы сотқа неке бұзу жөнінде талап арыз беруге мәжбүр болған.

Сотта тараптар судьяның дауды медиация тәртібімен реттеу туралы ұсынысын қолдап, татуласуға ниет білдірді. 

Істі қарап жатқан судья ерлі-зайыптылардың арасында медиация өткізіп, оларды ымырыласуға шақырды. Өткізілген медиация нәтижесінде ерлі-зайыптылар татуласып, бір-біріне түсіністікпен қарауға және отбасын сақтап қалуға міндеттенді.

Сот медиация келісімін бекітіп, іс бойынша өндірісті тоқтатты.

Источник: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі