Тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат С.А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы  ісі қаралды.

Сот отырысында анқталғандай, 2017 жылдың қыркүйек айында С.А. жәбірленуші Ұ.Б.-мен бірге қонақтықтан үйіне келгенін, ол себепсіз жанжал шығарып, өзінің азаматтық некедегі жұбайын балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, оған сыйламаушылық көрсеткен.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін айтқан.

Сотта жұбайы медиация тәртібімен татуласуларына байланысты жолдасына қатысты әкімшілік істі қысқартуды сұрады.

Сот қаулысымен азамат С.А.-ға қатысты әкімшілік іс бойынша сот өндірісі тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты қысқартылып, ол әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.

 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Атырау облысының Индер аудандық сотының баспасөз қызметі