Тас жолда қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлімімен азамат Е.О.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Е.О. 2017 жылдың тамыз айынша сағат 23.30 шамасында  Атырау-Индер тас жолында «Daf Хf 95» маркалы автокөлігін басқарып,  қауіпсіздік шараларын сақтамай, жылқы малдарын қаққан. Нәтижесінде  жәбірленуші Т.А.-ға материалдық залал келтірілген.

Сот, істің мән-жайларын толықтай зерттеп, құқықбұзушы Е.О.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 22 690 теңге айыппұл салды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Источник: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі