Татуласу келісімі бекітілуіне байланысты іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ-нің жауапкер С.А.-дан заңсыз алынған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы сомасын қайтару туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің орталық мұрағаттық анықтамасы мен әскери билетінің негізінде жауапкерге арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған. Алайда, құжаттар мұрағат мәліметтерімен расталмағандықтан, 2017 жылдың 01 сәуірінен бастап жәрдемақы беру тоқтатылған. Осыған байланысты, талап қоюшы соттан заңсыз тағайындалған 58 406 теңге көлеміндегі жәрдемақыны өндіруді сұраған.

Сотқа алдын ала тыңдау барысында тараптардан жасақталған татуласу келісімін бекіту туралы өтініш түсті.

Сот ұйғарымымен тараптармен ұсынылған татуласу келісімі бекітілді, келісім шарттары бойынша талап қоюшы қойған талабынан бас тартады,  жауапкер 58 406 теңге көлемінде алған жәрдемақысын келісімде көрсетілген кестеге сәйкес республикалық бюджетке қайтаруға міндеттенеді. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

 

Источник: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі