Ювенальды сотта дау партисипативтік келісіммен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында некелері бұзылған жұбайлардың   арасында  кәмелетке  толмаған  баласымен кездесу уақытын анықтау туралы дау бойынша азаматтық іс қаралып, өз мәресіне жетті.

Азаматтық іс бойынша талап қоюшы және оның ата-анасы  бұрынғы келіндеріне баланы өздерінің тұрғылықты мекен жайы бойынша алып кетіп, кездесу уақытын белгілеуді сұраса, өз кезегінде жауапкер  баламен өзінің ғана қатысуымен, өзінің үйінде ғана кездесуге рұқсат беретіні жөнінде өз уәждерін келтірді.

Сот алдында ата - аналар арасында баламен кездесу уақытын белгілеу жөніндегі дауды шешуде баланың басым мүддесіне сай келетін шешім қабылдау міндеті тұрды.

Соттар осы санаттағы істерді қарау барысында баланың мүддесіне зиян келмейтіндей, олардың ата-аналарын  татуластыру жұмыстарын жүргізіп келеді, кейбір тараптар неке бұзылған соң бір–біріне деген тарқамаған ашу араздықтарын  жеңіп, кәмелетке толмаған балаларының мүдделерін ойлап, өз ара келісімге келіп жатады.

Іс бойынша төрағалық еткен судья Б.Жұмабаевтың тараптар мен олардың заңды өкілдеріне дауды  медиация,  партисипатив  тәртібімен реттеу туралы келісіммен icri аяктаудың басымдылықтарын түсіндірді.

Азаматтық істі қарау нәтижесінде тараптар адвокаттар Рая Нурсултанова және Карлыгаш Тлеубаеваның қатысуымен, баланың басым мүддесін ескере отырып, екі тарапқа да тиімді дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті.

 

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі