Ювеналдық сотта дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба іске асуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты медиация институтын әрі қарай дамытып, күшейту мақсатында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаәзірленіп,  соттарда  жобаны іске асыру жұмыстары басталған болатын.

Пилоттық жобаға сәйкес медиацияны міндетті түрде өткізу қажет болатын даулардың жекелеген санаттарына назар аударсақ, пилоттық жоба азаматтық істерге соттарда баланың мүдделеріне орай, мысалы, неке бұзылған жағдайда баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау туралы даулар жатады.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Б.Жұмабаев төрағалық етуімен қаралаған, әкелікті анықтау және алимент өндіру жөніндегі,ал жауапкердің баласымен кездесу уақытын белгілеу жөніндегі  даулы іс  сот отырысына дейінгі дайындық сатысында, тараптар істі медиатор Н.Кожахметовтың қатысуымен медиация тәртібімен аяқталды.

Осылайша, ювеналдық сотта бір істің аясында бір мезгілде талап қоюдың нысанасы мен негіздемелерін реттеу үшін тараптардың барлық өзара талаптарын өзгерту мүмкіндігі және келіссөздер процесін жургізу үшін жағдай жасау арқылы, даулы қарым-қатынастарға тартылған тараптардың мүдделерін ескере отырып, медиатордың қатысуымен дауды (жанжалды) реттеу мақсатында бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жеделдету іске асырылып, жобаның басты ережелері және оны қолданудың артықшылықтары тараптарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі