Атырау қалалық соты жүйке ауруымен есепте тұрған азаматтың көлік жүргізу куәлігінің күшін жойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотында талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау  облысы ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесінің А.К.-ның  көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату туралы туралы азаматтық ісі қаралды.            

Сот отырысында А.К-ның Атырау облысы ішкі істер Департаментімен 2014 жылдың 11 маусымында «В,С» санаттарымен берілген көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі берілгені анықталды.

Сонымен қатар, сотта А.К. психиатрлық жүйке тамырлар ауруымен ауыратындығы, 08 қаңтар 2015 жылдан бастап облыстық психиатрлық жүйке-тамырлар ауруханасында F-70 диагнозымен «Д» есепте тұратындығы «Атырау облыстық психиатрлық жүйке-тамырлар орталығы» ММ-нің анықтамасымен расталған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 09 қарашадағы №853 бұйрығына сәйкес,  F-70 (ақыл кемдігі) диагнозымен ауыратын адамдарға көлік құралдарын басқаруға тыйым салынған.

Сот істің барлық мән-жайларын зерттеп,  А.К.-ге берілген көлік жүргізуші куәлігінің күшін жою туралы шешім қабылдады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі