Елордамыз – Астана тәуелсіз еліміздің тұғыры!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің арасында  «Астана күніне» арналған дөңгелек үстел өтті.

Баяндамашы судья З.Бекжанова өзінің баяндамасында, 6 шілде-  Астана күні жаңару жолына түскен қазақ елінің толассыз түлеу,дамылсыз дамуымен үндесе қарыштай алға басып келетіндігін, Елорда әлемдік саяси аренадағы маңызды мәселелердің түйінін шешетін маңызды орталыққа айналып         әлемнің ауқымды шараларының бірі «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетіндігіне тоқталды.

Шараны қорытындылаған сот төрағасы Д.Тухфатова өз сөзінде сот қызметкерлерін «Астана күнімен» құттықтап, жасалып жатқан жұмыстың бәрі Қазақстанның жаңа тарихын шынайы шежіресін қалыптастырып, жарқын болашаққа деген сенімді ұялататынын, қарқынды дамудың, қол жеткен табыстардың, абырой-беделдің, береке-бірліктің жарқын көрінісі болып келе жатқан Астанамыз мемлекетіміздің жасампаздық белесін танытып, мәңгі жасай берсін деп тілек білдірді.

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі