Он сегiз жасқа толмаған жасөспірімге темекi сатып жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігі (он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi сату) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында Атырау қаласы, Валиханов көшесінде орналасқан «Жаннұр» дүкенінің  сатушысы  Т.Зубленконың 2003 жылы туылған жасы кәмелекетке толмаған  жасөспірімге темекі бұйымын сатып, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқықбұзушылық  жасағаны анықталды.

Сот қаулысымен Т.Зубленко Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оғанәкімшілік жаза ретінде 29 694  теңге  айыппұл  салынды.

Ювеналды сотпен ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігінде  көзделген, яғни он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сатқан құқықбұзушыларға қатысты  43 әкімшілік іс қаралып, шара алынған.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі