Архив событий

03/05/2016

Атырау қаласының №2 сотының ұжымы сенбілік ұйымдастырды

03/05/2016

Ұжымды ортақ жұмыстан басқа ешнәрсе де біріктіре алмайды. Кеңсе жұмысы, қағазға толы жұмыс аптасынан соң әсіресе дене еңбегі өте пайдалы.

Сот төрағасы бастаған Атырау қаласының №2 сотының судьялары мен мамандары дәстүрлі сенбілікке белсене қатысты. Сот қызметкерлері теректерді әктеп, қақпаларды сырлап, аумақты тазалауға үлестерін қосты.

Достасып, бірге қимылдап, өткен жылғы қоқыстарды тырна мен сыпырғыштың көмегімен тазалап, ескі теректер қалпына келтірілді.

Атырау облыстық соттарында тағылымдамадан өтетін- тағылымдамашы кандидаттардың тізімі

03/05/2016

2016 жылдың  26 сәуірінде Атырау облыстық сотында судьялыққа кандадаттардың тағылымдамадан өту үшін іріктеу комиссия отырысы  өтіп, комиссия отырысының шешімі негізінде, Атырау облыстық соттарында тағылымдамадан өтетін- тағылымдамашы кандидаттардың тізімін беітілді.

 

1.     Қойбағарова Гүлфайрус Чапайқызы-06 тамыз 1980 жылы туылған, Атырау облысы  Жылыой ауданының тұрғыны;

2.     Сәрсенова Сандуғаш Серікқызы-03 наурыз 1979 жылы туылған, Атырау қаласының тұрғыны.

Атырау қаласының №2 сотында құқық пен заң саласындағы тілдің әлеуметтік қызметі туралы талқыланды

03/05/2016

Атырау қаласының №2 сотында «Құқық пен заң саласындағы тілдің әлеуметтік қызметі мен тілдік нормалар» тақырыбында дөңгелек  үстел өтті.

Шараға Атырау қаласы №2 сотының  судьялары, дүниежүзілік «Қазақ тілі» қоғамдастығының мүшесі, «Атырау – ақпарат» ЖШС-нің баспаханасының директоры А.Тулеушов, прокуратура мен адвокатура, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері, Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Г.Мұхтарова және Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушылары қатысты.

Болашақ заңгерлермен кездесу

03/05/2016

Атырау қаласының № 2 сотының төрағасы А.Ташенова мен Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ж.Ташимов «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын жүзеге асыру мақсатында Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университетінде өткізілген құқық саласы бойынша бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында ұйымдастырылған «Жас маман -2016» шарасына қатысты.

Судьяның қатысуынсыз партисипативтік келісім жасақталды

03/05/2016
«Градекс KZ» ЖШС-гі 14 сәуір 2015 жылғы жеткізу келісім шарты бойынша «Атакент Жылыой» ЖШС-нен 2 200 000 теңгені және өсім ақы 500 000 теңгені өндіруді сұрап сотқа талап арызбен жүгінді.
 
Сот отырысында тараптар өзара келіссөз жүргізу арқылы судьясыз партисипативтік келісімге келіп, оны бекітіп беру туралы өтініш жасады.
 

Мақат аудандық сотының төрағасы кәсіби емес медиаторлармен оқу семинарын өткізді

03/05/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотының төрағасы М.Искаков аудандық әкімшіліктің ғимаратында кәсіпқой емес медиаторлар арасында «Медиация негізі және дау мен жанжалды соттан тыс реттеу» тақырыбында  оқу семинар – кеңесін өткізді.

Аталған шара барысында сот төрағасы «Медиация туралы» заңының қолдануы барысында кездесетін және медиацияны сотта қолдану барысында туындайтын көптеген сұрақтарға түсіндіме жауаптар берді.

Отбасылық даулар бойынша медиациялық келісімдерді бекіту тәжірибесі

03/05/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі сотында азамат А.-ның балаларымен қарым-қатынас тәртібін белгілеу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарау барысында тараптар кәсіби медиатор Н.Тулегенованың қатысуымен медиациялық келісімге келді.