Архив событий

24/05/2016

Атырау облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізеді

24/05/2016

2016 жылдың 27 мамырында сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Атырауе облыстық сотының төрағасы Марғұлан Жұбанышұлы Бектұрғанов сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін интернет-конференция өткізеді.

Атырау қалалық сотында жедел мәжіліс өткізілді

24/05/2016

Атырау қалалық сотында сот мамандарымен жедел мәжіліс өткізілді. Жедел мәжілісті кеңсе меңгерушісі З.Хамидуллина жүргізді. Жедел мәжілісте сот кеңсесінде кіріс-шығыс қағаздардың тіркелуі, сот мұрағатының, азаматтық талдау бөлімінің, бас маман сот отырысы хатшысының жұмысының жүргізілуі  талқыланды.

Атырауда гастербайтерлерді бопсалаған полиция қызметкерлері сотталды

24/05/2016

Атырау қаласының №2 соты Атырау қаласы ішкі істер басқармасының екі бірдей полицейіне қатысты қылмыстық істі қарады.

Тергеу дерегіне сәйкес, олар 2015 жылдың шілде айынан бастап Атырау қаласында жүрген Өзбекстан Республикасының азаматтарын ұстап, өздерін көші-қон полициясы қызметкерлері ретінде таныстырып, оларды қорқытып ақшалары мен ұялы телефондарын ашық тонаған.

Сөйтіп, олар бірнеше рет Өзбекстан Республикасының 5 азаматын заңсыз ұстап, олардан  800 мың теңгеден астам қаржыны жымқырып алған.

Сора сақтағаны үшін жауапқа тартылды

24/05/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотталушы А.Н.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық ісі қаралды. 

Сотталушы А.Н. 2016 жылдың наурыз айында «Алматы – Атырау» бағытындағы жолаушылар поезының №3 вагонында отырып, өзінің қол сөмкесінде «гашиш» түріндегі есірткі затын сақтаған. Сотталушының түсінігі бойынша аталған есірткі затын өзінің жеке басының пайдалануына байланысты сақтаған.

260 килограммм қара балық сақатаған азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

24/05/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 196 бабының 1 бөлігімен сотталушы С.Б-ға  қатысты қылмыстық теріс қылық туралы ісі қаралды.

Сотталушы С.Б. 2016 жылдың наурыз айында  өзінің басқаруындағы «Ваз 2121» маркалы автокөлігімен «Жайық» өзенінің жағалауына  барып, сол жерден өзіне бұрын  таныс емес екі қазақ жігіттерінен жалпы салмағы 260 килограммм болатын «құты» қара балықтарын көрінеу қылмыстық жолмен табылғанын біле тұра заңсыз сатып алып иемденген.

Арақ ішудің ақыры қамаққа алумен аяқталды

24/05/2016

Азамат Н.Н. 2016 жылдың ақпан айында Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылында «ВАЗ-21012» маркалы автокөлігін, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра басқарып келе жатып, ішкі істер полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, белгілінген тәртіпке сәйкес алкогольден масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындаудан бас тартқан.

Жұбайына тіл тигізіп, жазықты болды

24/05/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен Ж.Г. Қазақстан РеспубликасыныңӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Ж.Г.2016 жылдың мамыр айында алкогольден масаю күйінде өзінің Ганюшкин ауылы Елемесов көшесінде орналасқан үйінде жұбайы А.Г.-ға тиісіп, былапыт         сөздермен тілдеп, жанұя тыныштығын бұзған.

Сот отырысында Ж.Г. өз кінәсін жартылай мойындап, үйіне арақ ішкен күйде келгенін, алайда жұбайына тиіспегендігін көрсетті.