Архив событий

17/05/2016

Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

17/05/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440 бабы 4 бөлігімен құқықбұзушы М.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,  құқықбұзушы М.Б., бұрын аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін бір жыл iшiнде 2 рет әкiмшiлiк жазаға тартылған адам бола тұра, 2016 жылдың сәуір айында Мақат поселкесінің көшесі бойында, алкогольден мас күйінде жүрген.

Сот отырысында құықбұзушы өз кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін көрсетті.

Медиация отбасын сақтап қалды

17/05/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық соты некені бұзу туралы  азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Өзінің талап арызында талапкер жауапкермен 1992 жылы неке құрып, ортақ некеден балалары барын, алайда ортақ түсіністіктің болмауынан некесі жараспағанын көрсеткен. Ортақ шаруашылықтың жүргізілмейтінін, ортақ мүлікті бөлу, және балаларды тәрбиелеу туралы даудың жоқтығын ескеріп, некені бұзуды сұраған.

Жәбірленуші жұбайымен татуласуына байланысты іс тоқтатылды

17/05/2016

К.Кабсалихов 2016 жылдың мамыр айында алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде өзінің әйелі О.Еришованы боқтап-балағаттап, құқықбұзушылық жасаған.

Сот отырысында К.Кабсалихов кінәсін мойындап, іс-әрекетіне өкініп, кешірім сұрады, жұбайы оған кешірім берді.

Атырау облысының Исатай аудандық соты К.Кабсалиховке қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік істі осы Кодекстің 64-бабының тәртібіне сәйкес өндірістен тоқтатып, құқықбұзушыны әкімшілік жауаптылықтан босатты.