Архив событий

27/05/2016

Интернет конференция қорытындыланды

27/05/2016

Бүгін Атырау облыстық сотының төрағасы М.Бектұрғанов сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін интернет-конференция өткізді.

Төменде интернет конференцияның қорытындыларын жариялаймыз:

1.Сұрақ: Здравствуйте Маргулан Джубанышевич! Президент страны поставил задачу больше использовать примирительные процедуры для участников сторон. Как это выполняется?

Отбасының тыныштығын бұзған отағасы қоғамдық жұмыстарға тартылды

27/05/2016

Іс материалдарында көзделгендей, А.А. өзінің жұбайымен ажырасып кетіп, кейін кері достасып бірге тұрады. Алайда бір күні отағасы еш себепсіз жанжал шығарып жолдасы А.А.-ны шелекпен соғады. Ашуға булыққан М.А. анасына көмектеспек болған екі қызында таяққа астына алып, ал өзінің анасы сабырға шақырған сәтте оны итеріп жібереді. 

Осы оқиғадан кейін, жәбірленушілер жеке айыптаумен жүгініп, азамат М.А.-ны Қазақстан  Республикасы Қылмыстық Кодексінің 108 бабымен жауапқа тартуды сұраған.

Қайырымдылық акциясы

27/05/2016

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Индер аудандық сотының ұжымы қамқорлық акциясын өткізіп, Индербор кенті, Сейфуллин көшесінде тұратын С.Султанов пен Г.Байгабылованың көпбалалы, аз қамтамасыз етілген отбасының шаңырағына барып, азық-түлікпен материалдық көмек көрсетті.

Сот төрағасы Д.Тухфатова алты бала тәрбиелеп отырған - көпбалалы отбасының ата-анасына балаларының азамат болып өсуіне, қоғамда өз орындарын тауып, бақытты отбасы болуына ізгі ниеттерін білдірді.