Архив событий

11/05/2016

« Сот кабинеті » электрондық жүйесі соттардың жұмысын жеңілдетеді

11/05/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотының мамандары Мақат ауданының орталық кітапханасында ұйымдастырылған «Сот кабинеті» электрондық жүйесі тақырыбында дөнгелек үстел өтті.

Аудандық сот кеңсе меңгерушісі С.Сагинова қатысушыларға азаматтық істерді «Сот кабинеті» электрондық жүйесі арқылы сотқа жолдау тәртібін түсіндіру бойынша бандама жасады. «Сот кабинеті» мемлекеттіе органдармен қатар, қарапайым азамттарға арнап құрылған, оны барлығына бірдей ыңғайлы етіп жасақтауға тырысқан.

Исатай аудандық сотында аймақтық семинар өтті

11/05/2016

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Атырау облыстық сотының оқу орталығының ұйымдастыруымен аймақтық семинар өтті.

Аталған семинарға Атырау облыстық сотының судьялары мен Атырау қаласының №2 сотының, Исатай, Махамбет, Индер, Құрманғазы аудандық соттарының судьялары мен Исатай аудандық прокуратурасының, ішкі істер бөлімінің, нотариат өкілдері қатысты.

Семинарды Атырау обьлыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Т.Уәлиева ашты.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

11/05/2016

2016 жылдың ақпан айында Қ.Қожахметов Т.Тайыровтың ұялы телефонына хабарласып, Исатай ауданының тұрғыны С.Куанованың «Ясар Атырау» ЖШС-не кондитерлік өнімдерін сатып алғаны үшін 200 000 теңге берешегі бар екенін хабарлаған.

Т.Тайыров өзін ЖШС-тің жүргізуші-экспедиторы ретінде таныстырып, С.Куановадан 80 000 теңге ақшаны алып кетеді.

Кейін Атырау қаласына келіп, ақшаның 30 000 теңгесін К.Кожахметовке беріп, қалғанын өзінде қалдырады.

Алкоголь өнімін заңсыз сатушы жауапқа тартылды

11/05/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 282 бабының 3 бөлігімен құқықбұзушы азаматша А.-ға қатыстыәкімшілік ісі қаралды.

2016 жылдың ақпан айында жеке кәсіпкер азаматша А. меншігіндегі Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Көшербаев көшесі, 26 үйде орналасқан «Б-И-Жан» дүкенін тексеру барысында алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкқұжаттарынсыз 39 бөтелке, жалпы құны 10 200 теңге алкоголь өнімін сақтап және сатуға шығарылып тұрғаны анықталған.

Қоғамдық орында ішімдік ішкені үшін қамауға алынды

11/05/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен құқықбұзушы А.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес,азамат А.2016 жылдың ақпан айында  Атырау қаласы, Вокзалмаңы, 3А мөлтек ауданында орналасқан № 22 үй маңында, яғни қоғамдық орында масаң күйінде жүріп,  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.