Архив событий

25/05/2016

Ювеналды соттың бастамасымен әкімдікте медиация кабинеті ашылды

25/05/2016

Бүгін Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бастамасымен Атырау қаласының Жұмыскер ауылдық округінің әкімдігінің ғимаратында медиация кабинеті ашылды.

Кабинетті ашу барысында ювеналды соттың төрағасы Б.Жұмабаев дауды медиацияның көмегімен реттеу қоғамның талабы екенін, сондықтан оны дамытуға мемлекеттік органдардың және қоғамның тарапынан жан-жақты қолдау көрсету қажеттілігін атап өтті.

3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

25/05/2016

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, №16 үйдің көршілері арасында үйдің дәлізінде шулап, қатты дауыс шығарып сөйлемеу жөнінде ескерту жасау себебінен жанжал туындап, С. жәбірленушіге бір рет пышақпен соққы жасап, ауыр зиян келтірген. Жәбірленушінің өзі сот отырыстарында сотталушыға қарсылығы жоқ екендігін, сотталушының өлтіргісі келмеген деп санайтынын айтып, соттан оның бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Қазақстан Республикасының ҚК-нің кейбір нормаларының дұрыс қолданылуы туралы

25/05/2016

Атырау облысының Индер  аудандық сотында судьялар мен мамандар арасында «Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 6 және 50 баптарын қолдану  тәртібі» туралы семинарлық сабақ өткізілді.

Сот шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырылды

25/05/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотына талап қоюшы «Қазақтелеком» АҚ-ы жүгініп, жауапкер С.А. екеуінің араларында заем шарты жасалғанын, шарт бойынша жауапкерге 2200000 теңге берілгенін, талап қоюшы мен жауапкердің арасындағы еңбек шарты бұзылғаннан кейін жауапкер 1412325 теңге берешегі қалғанын, өз еркімен берешекті төлемей отырғандығын, сол себепті аталған сома мен сот шығыстарын өндіруді сұрады.

Сот шешімімен  талап қоюшының талабы толықтай қанағаттандырылып, жауапкерден жоғарыдағы көрсетілген сома және сот шығындары өндірілді.

Талап қоюшының талаптан бас тартуы қабылданды

25/05/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотына талап қоюшы «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ «Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжі» жауапкер С.А. екеуінің араларында сырттай бөлімде ақылы түрде оқыту келісім-шарты жасалғанын, алайда жауапкер академиялық және дебиторлық берешектері салдарынан, оқудан шығарылғанын, жауапкермен оқыту ақысы толықтай төленбегенін, сонымен қатар ерікті түрде төлеуден бас тартып отырғандығын көрсетіп, оқу ақысын өндіруді сұрады.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

25/05/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотына Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 461 бабымен құқықбұзушы Е.Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Е.Ж. кінәсін мойындап, Қызылқоға аудандық ішкі iстер бөлімінің учаскелік полиция инспекторымен өзіне қатысты шығарылған қорғау нұсқамасын бұзғанын айтып айғақ берді.

Сот қаулысымен Е.Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 461 бабымен кінәлі деп танылып, оған ескерту жасалды.

 Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

25/05/2016

2016 жылдың сәуір айында А.Жұмағалиев алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде Аққыстау селосы, Мұсағалиев көшесі бойында жолдың ортасында тұрған уақытта осы ауыл тұрғыны А.Рахметов келіп, автокөлігінің терезесін ашып, жолдан шығуды өтінген кезде, ол А.Рахметовты балағаттап, ұсақ бұзақылық жасаған.

Атырау облысының Исатай аудандық сотының қаулысымен құқықбұзушы А.Жұмағалиев Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Жұмысқа орналасуға рұқсат алмай еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза алды

25/05/2016

Өзбекстанның азаматы М.Аманов Қазақстанның аумағына келіп кіріп, көші-қон карточкасында Қазақстанға келу себебін жеке мақсатта деп көрсеткен. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында еңбек қызметіне орналасуға рұқсат алмай,2016 жылдың мамыр айында Тұщықұдық селосы, Қызыл үй елді мекенінде Атырау қаласы тұрғыны А.Беккалиевпен ауызша келісіп,жаңадан салынып жатқан мектептің фундаментін құю бағытында жұмыс жасаған. Шетелдiң азаматы бола тұра Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасының талаптарын бұзған.