Архив событий

19/05/2016

Тараптар татуласу келісімін жасады

19/05/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында талап қоюшы «Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжі» ЖШС-нің жауапкер Н.Баимбетовтен 40 000 теңге білім беру қызметтерін көрсету шарты бойынша шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

19/05/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотына Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 461 бабымен құқықбұзушы Е.Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Е.Ж. кінәсін мойындап, Қызылқоға аудандық ішкі iстер бөлімінің учаскелік полиция инспекторымен өзіне қатысты шығарылған қорғау нұсқамасын бұзғанын айтып айғақ берді.

Сот қаулысымен Е.Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 461 бабымен кінәлі деп танылып, оған ескерту жасалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Сот ЖШС-ні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды

19/05/2016

«Атырау облысы әкімінің аппараты» ММ-сі сотта «Интеко 2007» ЖШС-не талап қойып, оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тануды талап етті.

Талап қою талабының негіздемесі ретінде тараптар арасында жасалған мемлекеттік сатып алу келісім-шарты бойынша жауапкер өз міндеттемелерін орындамағандығын көрсетті.

Талап  қоюшы  заң талаптарын орындап, заңда  белгіленген  мерзімде сотқа  жүгінген.

Ювеналдық сотта студенттерге ашық есік күні өткізілді

19/05/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қазіргі заманғы каспий өңірінің колледжінің» құқықтану бөлімінің  студенттері және колледж психологы Г.Султанованың қатысуымен ашық есік күні өткізілді.

Шараның басты мақсаты азаматтарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру және азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру болып табылады.

Судьяларға алғыс

19/05/2016

Атырау облысы сот жүйесінің  жоғары деңгейде екендігіне көзі жеткен азаматша З.Пауешова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәми мен Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғановтың атына  Алғыс хат жолдады.

Алғыс хатта Атырау қалалық сотының судьясы Жанар Шакенова және Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Әділхады Шығамбаев, облыстық сот судьялары Сәуле Бәйменова және  Зәуреш Әбдіқұлованың аттары ерекше аталған.