Архив событий

31/05/2016

Атырау қалалық сотының ұжымы балалар ауылының тәрбиеленушілерін келе жатқан мерекелерімен құттықтады

31/05/2016

 «Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында Атырау қалалық сотының судьялары, мамандары «Шаңырақ» балаларды тәрбиелеу ауылында болды. Бүгінгі таңда «Шаңырақ» ауылында 4 -18 жас аралығындағы 47 бүлдіршін тәрбиеленуде.                                         

Іс-шара барысында Атырау қалалық сотының қызметкерлері  тәрбиеленіп жатқан балғындарды мерекелерімен құттықтап, оларға техникалық құралдар, дәрі-дәрмектер, ойыншықтар және концерттік бағдарламаны сыйға ұсынып, бүлдіршіндерге қуанышты көңіл-күй сыйлады      .

Атырау облысы соттарының қызметкерлері саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

31/05/2016

Бүгін Атырау облысы соттарының судьялары мен қызметкерлері саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті. Қаралы жиын «Жеңіс» саябағында орналасқан саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарына арнап орнатылған ескерткіш жанында өтті.

Қалалық саябақтағы жиынға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар басшылары, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен туыстары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен студенттер келді.

Гүл шоқтарын қою рәсімін Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев ашты.

Қызылқоға аудандық сотының қызметкері мемлекеттік қызметкерлердің аудандық спартакиадасынан жүлделі оралды

31/05/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының аға сот приставы Р.Бауыржанұлы Қызылқоға ауданында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген мемлекеттік қызметкерлердің аудандық спартакиадасына қатынасып, футболдан, волейболдан шебер ойын көрсетіп, арнайы дипломмен  марапатталды.

Сондай-ақ, командалық ойыннан бірінші орынға ие болып, Атырау қаласында өтетін облыстық спартакиадаға жолдама алды.

Шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзып, үш тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

31/05/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517 бабының 5 бөлігімен құқықбұзушы Өзбекстан Республикасының азаматы Х.Матниезовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  Х.Матниезовтың Қазақстан Республикасының аумағына жеке мақсатымен келіп,Миялы селосы, Қарабалин көшесінде орналасқан тұрғын үй құрылысында заңсыз жұмыс істеп жүргені, яғни жұмысқа орналасуға рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырғандығы анықталды.

Балық сатып алам деп басы пәлеге қалды

31/05/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 196 бабының 1 бөлігімен сотталушы Д.Т.-ға  қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Судья А.Салиховаға алғыс білдірді

31/05/2016

«Айсұлтан» шаруа қожалығының жетекшісі азамат Қ.Жұмағазиев Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынасудья Анаргүл Салихованың атына Алғыс хат келіп түсті.

Азамат Қ.Жұмағазиев Алғыс хатында судья А.Салиховаға шексіз ризашылығын білдірді.

Шағымын қайтарып алды

31/05/2016

Атырау облыстық Ішкі істер департаментіне қарасты жол- патрульдік полиция ротасының полиция аға сержанты Б.Наушабаев 2016жылдың мамыр айында «Toyota RAV-4» маркалы автокөлігін Атырау-Астрахань тасжолы «635 шақырым» белгісі тұсында 90ш/сағ. жылдамдық аумағында 103ш/сағ. Жылдамдықпен жүргізгені үшін Т.Аманбаев қақатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамасын толтырған. Полиция қызметкерінің аталған іс-әрекетіне Т.Аманбаев шағым жасап, оның шағымымен оған қоса берілген құжат көшірмелері сотқа келіп түскен.

Мобильдік топ ауылдық округтерде

31/05/2016

Татуластыру рәсімдерін қолдануды насихаттау бойынша Атырау облысының Жылыой аудандық соты төрағасының өкімімен мобильдік топ құрылды.

 Қараарна ауылдық округінде мобильдік топ мүшелерімен халық арасында медиация рәсімі, татуластыру рәсімдерінің көмегімен дауларды шешу мүмкіндігі түсіндірілді.

Мобильдік топтың басқа да селолық аймақтарға шығуы жоспарлануда.