Архив событий

18/05/2016

Қылмыстық істі сот өндірісінен қысқартылды

18/05/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен сотқа берілген С.К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы С.К. 2015 жылдың желтоқсан айында арақ ішкен мас күйіне үйдің пластик терезесін сындырып, жатын бөлмедегі тумбаның суырмасынан жалпы соммасы 115 000 тенге ақша алып, жәбірленуші Ж.К-ға материалдық залал келтірген. Сөйтіп, қылмыстық оқиға болған жерден бой тасалап, кетіп қалған.

Студенттердің қатысуымен семинар өтті

18/05/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот қызметкерлері жәнеАтырау педагогикалық колледжі, Қазіргі заманғы Каспий өңірінің колледжі студенттері, мұғалім-психолог Ғ.Сұлтанованың қатысуымен «Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.

Сот төрағасы Б.Жұмабаев елімізде бала құқығын қамтамасыз ету мақсатында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылып, өмірдің барлық салаларында балалардың құқықтарын толықтай қорғауға кепілдік берілгенін атап өтті.

Іс кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен аяқталды

18/05/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық соты кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен  азаматтық іс қарады.

Іс бойынша талапкер И.А. сотқа талап арыз беріп, жауапкер К.А-дан жер шекарасын анықтауды сұраған.

Сот отырысы барысында тараптар өзара ымыраға келіп, татуласып дауды медиация тәртібімен шешу мақсатында кәсіпқой емес медиатор Р.Онайбековаға жүгініп, тараптар арасында жасақталған іс бойынша дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекіту үшін сотқа ұсынды.

Сотпен медиациялық келісім бекітілді

18/05/2016

Атырау қалалық сотымен тұтынушы М.Төлеуғалиеваның атынан  Атырау облысының «Ұлттық тұтынушылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдігінің жауапкер «Атырау қаласының жедел жәрдем станциясы»  МКҚК-не 3 000 000 теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық  ісі қаралды.