Архив событий

04/05/2016

Сот залынан

04/05/2016

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының айыптау үкімімен Құлсары қаласының тұрғыны Н. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 287 бабының 2 бөлігімен, 99 бабының 2 бөлігінің 6,9 тармақтарымен, 24 бабының 3 бөлігі, 99 бабының 2 бөлігінің 6,9 тармақтарымен кінәлі деп танылып, түпкілікті 16 жыл мерзімге түзеу колониясының қатаң режиміне бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Жылыой аудандық сотының қызметкерлері мұражайға саяхат жасады

04/05/2016

Жылыой аудандық сотының судьялары мен мамандары «1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні» қарсаңында Құлсары қаласындағы «Атамекен» аудандық мұражайында болды.

Мұражай қызметкерлері ауданнан шыққан ақын жазушылармен, сондай-ақ социалистік еңбек ерлерімен, соғыс ардагерлерінің соғыс кезінде көрсеткен ерліктерімен таныстырды.

Сонымен қатар, мұражай қызметкерлері ҰОС батырының және Жылыой ауданымыздың өзге де көптеген батырларының жеке заттарын, хаттарын және басқа да құнды заттарын тамашалады.

Құрылыс қалдықтарымен көшені ластаған азамат жазаға тартылды

04/05/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы Ш.Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Ш.Г. 2016 жылдың сәуір айында өзінің қақпасының алдындағы жерге құрылыс материалдарының қалдықтарын тастап, ортақ пайдалану орындарын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін іс-әрекеттер  жасаған.

Атырау облысының Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талқыланды

04/05/2016

Индер аудандық сотының бас маманы Э.Тулепбергеновамен Индер ауданы бойынша Әділет Басқармасы ММ-демемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне  дәріс оқылды.

Оған аталған мекеменің, Халыққа қызмет көрсету орталығының  басшылары мен мамандары қатысты.

Қоғамдық орында ішімдік ішкені үшін қамауға алынды

04/05/2016
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен құқықбұзушы А.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.
 
Іс құжаттарына сәйкес, азамат А. 2016 жылдың ақпан айында  Атырау қаласы, Вокзал маңы, 3А мөлтек ауданында орналасқан № 22 үй маңында, яғни қоғамдық орында масаң күйінде жүріп,  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.
 

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

04/05/2016

2016 жылдың ақпан айында К. азамат Т.-ның ұялы телефонына хабарласып, Исатай ауданының тұрғыны С.-ның «Ясар Атырау» ЖШС-не кондитерлік өнімдерін сатып алғаны үшін 200 000 теңге берешегі бар екенін хабарлаған.

Т. өзін ЖШС-тің жүргізуші-экспедиторы ретінде таныстырып, С.-дан 80 000 теңге ақшаны алып кетеді.

Кейін Атырау қаласына келіп, ақшаның 30 000 теңгесін К.-ға беріп, қалғанын өзінде қалдырады.