Архив событий

23/05/2016

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша медиациялық келісім бекітілді

23/05/2016

Р.Кадыров 2016 жылдың мамыр айында Аққыстау селосындағы үйінде алкогольден мас күйінде, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы, бірге тұрып жатқан адамдарға сыйламаушылық білдіріп, туған інісі Д.Кадыровты балағаттап, тыныштығын бұзған.

Сот отырысында құқықбұзушы Р.Кадыров кінәсін мойындап, бұдан кейін ол арызданушыны қудаламауға, жанұя тыныштығын бұзбауға, алкогольдік ішімдіктер ішпеуге уәде берді. Ал арызданушы өз арызынан бас тартты. Нәтижесінде тараптар нақты келісімге келіп, оны бекітуге сотқа ұсынды.

Ашық есік күні өткізілді

23/05/2016

Атырау облысының Исатай аудандық сотында төраға А.Мағзомованың жетекшілік етуімен аудан тұрғындары арасында ашық есік күні өткізілді.

Атап өту қажет, аудандық сотта ашық есік күні әр аптаның сәрсенбі күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін өткізіледі. Сонымен қатар, әр аптаның сәрсенбі күні төраға азаматтарды қабылдауды өткізеді.

Исатай аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

23/05/2016

Атырау облысының Исатай аудандық сотында төраға А.Мағзомованың жетекшілік етуімен судьялар арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел өткізу барысында Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Орталық кеңесінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы қаулысымен мақұлданған «Судьялар тәртібінің қағидалары мен ережелерінің этикалық кодексінің жобасы талқыланды.

Талқылау нәтижесінде судьялардың тарапынан Кодекс жобасының 23,26,27,28-баптарына өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы пікір-ұсыныс жасалды.

Даудың медиация жолымен реттелуі

23/05/2016

Атырау облысынының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «MitraCentralAsia» ЖШС-нің «Фирма АТК» ЖШС-нен 1 364 160 теңге қарыз сомасын, 319 872 теңге тұрақсыздық айыбын және 228 309 теңге өсімпұлды өндіруді сұрап сотқа талап арызбен жүгінді.

Сот отырысы барысында тараптар медиациялық келісімге келіп, оны бекітіп беру туралы өтініш жасады.

Көлікті мас күйде басқарған үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

23/05/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы Р.-ға қатысты әкімішілік іс қаралды.

Азамат Р. 2016 жылдың сәуір айында Атырау қаласындағы Тайманов көшесінде орналасқан «Алия» кафесі маңында өзінің басқаруындағы «Kia Rio» маркілік көлік құралын масаң күйінде жүргізген.

Сот отырысында Р.-ның көлік құралын масаң күйде жүргізгені анықталып, құқық бұзушының әрекеті Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен дәрежеленген.