Архив событий

30/05/2016

Атырау қалалық сотында сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері талқыланды

30/05/2016

Бүгін Атырау қалалық сотында судьялармен жедел мәжіліс өткізілді.  Жедел мәжілісті сот төрағасы А.Ерманов жүргізді. Жедел мәжілісте сот төрелігін жүзеге асыру сапасы, материалдық, процессуалдық заң нормаларының қолданылуы және сот актілерінің жазылу сапасы талқыланды.

Сонымен қатар, жедел мәжілісте жоғары сатыдағы сотпен күші жойылған, өзгертілген сот шешімдері, жіберілген кемшіліктер себептері талқыланды. Сот төрағасы судьяларға сот актілерінде орын алған кемшіліктерді түзетуге тиісті шаралар қабылдауды  ескертті. 

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында сурет салу конкурсы өтті

30/05/2016

Атырау облысының Исатай аудандық сотында төраға А.Мағзомованың ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында мектеп жасына дейінгі балалар арасында еркін тақырыпта сурет салу конкурсы өткізілді.

Бұл күн балаларды қорғау күні ретінде аталып өтеді. Сондықтан да ол халықаралық мейрамдардың бірі саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылы қарашада Парижде халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданғанын атап өткен жөн.

Жолдың қарама – қарсы бағытына шығу жүргізуші куәлігінен айырады

30/05/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен құқықбұзушы К.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

2016 жылдың сәуір айында К. өзінің басқаруындағы «Kia Rio Luxe 1.4» маркалы көлік құралын Атырау қаласы, Владимирский көшесімен жүргізіп келе жатқанда, үздіксіз ақ жолақты қиып, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткен.

Список кандидатов допущенных к собеседованию

30/05/2016

Список кандидатов допущенных к собеседованию на внутренний конкурс среди государственных служащих данного государственного органа на занятие вакантных и временно вакантных административных государственных должностей   корпуса «Б» Администратора судов по Атырауской области по решению конкурсной комиссии

 

1.       Дабисова Жанаргул Азирбаевна

2.       Чапурина Клара Шапхатовна

Дауласқан тараптар медиация көмегімен татуласты

30/05/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы С.Ж.  жауапкер К.С.-дан автокөлігіне келтірген материалдық залалды өндіру жөніндегі азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келудің және азаматтық істің іс жүргізуді тоқтатудың тиісті құқықтық салдары түсіндірілді.

Сотпен медиациялық келісім бекітілді

30/05/2016

Атырау облысынының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеке кәсіпкер «Адил-Дастан» Г.Конкашеваның жеке кәсіпкер Д.Цойдан 6 040 000 теңге қарыз сомасын және 51 060 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызбен қозғалған азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар медиациялық келісімге келіп, оны бекітіп беру туралы өтініш жасады.

Ювеналдық соттың қабылдаған жеке ұйғарымы орындалды

30/05/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ағымдағы жылда бала асырап алу жөнінде 45 іс қаралып шешімін тапқан. Іс қарау барысында қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның тарапынан заңдылық бұзылған жағдайлар анықталып, 10 азаматтық іс бойынша жеке ұйғарым қабылданған.