Архив событий

20/05/2016

Атырау облыстық сотында соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің құрамы толықты

20/05/2016

Кеше Атырау облыстық сотының пленарлық отырысында облыстық сот жанынан құрылған соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің құрамы тағы екі бірдей БАҚ қызметкерлерімен толықты.

Яғни бұрынғы кеңестің құрамына «Атырау» облыстық қоғамдық саяси газетінің құқық қорғау және экология бөлімінің меңгерушісі Базарбаев Азамат Сансызбайұлы мен «Прикаспийская коммуна» газетінің құқық қорғау және экология бөлімінің меңгерушісі Новак Светлана Павловна енді.

Төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

20/05/2016

Төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

C-R-5 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

20/05/2016

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

20/05/2016

Бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

C-О-6 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жылыой аудандық сотының судьялары жаңа кодекcтің жобасын талқылады

20/05/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында сот төрағасы А.Саудабаев және судьялардың қатысуымен «Судьялар тәртібінің қағидалары және ережелерінің этикалық кодексі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Судья Р.Алдамбергенов өз баяндамасында «Осы кодекстің реттеу мәні,  судьялардың кәсіби қызметте, қоғамда және тұрмыста мінез-құлқының қағидалары және ережелерінің  этикалық  кодексі  белгілеген бірыңғай стандарттарға негізделген қағидалар мен ережелерді сақтауға байланысты қарым-қатынастар болып табылады»,- деп атап өтті.

Семинар оңалту, банкроттық және төлем қабілетсіздігін реттеу тақырыбына арналды

20/05/2016

Облыстық әкімшілік ғимаратында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мақсатында Оңалтудың және банкроттықтың, сондай-ақ төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа тетіктерін іске асыру бойынша құрылған мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдері қатарынан ведомствоаралық көшпелі жұмыс тобымен және Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьяларымен, банкротт

Жылыой аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

20/05/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

Сот төрағасы А.Саудабаев келушілерді қабылдап, оларды толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді. Мысалы, азамат Б. төлеп жатқан несиесі туралы сұраса, зейнеткер - көп балалы ана Ж. жұмыссыз жүрген баласының жайына тоқталды.

Атырау қалалық сотында кезекті семинар сабағы өткізілді

20/05/2016

Семинарды   қалалық сот төрағасы А.Ерманов ашып, жүргізді.

Атырау қалалық сотының судьясы М.Саримова Оқу орталығымен дайындалған татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулығын талқылау туралы баяндама жасады.

Келесі тақырыпта Атырау қалалық сотының судьясы Г.Тұрғанова Қазақстан Республикасы соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тұжырымдамасын талқылау туралы жан-жақты мағлұмат берді.