Архив событий

06/05/2016

ҚҰРМЕТТІ АТЫРАУЛЫҚТАР!

06/05/2016

Осы күндері елімізде екі айтулы мереке – 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы аталып өтілуде. Бұл мерекелердің арасын бар болғаны бір күн бөліп тұруының терең мәні бар.  

Ұлы Отан соғысы жылдарында 1 миллион 800 мыңға жуық қазақстандық жауынгерлер майданға аттанды. Олардың жартысынан астамы елге оралмады. Біздің әкелеріміз бен аталарымыз сұрапыл соғыста ерлік пен батырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Атырауда соғыс және сот жүйесінің ардагерлерін ұлықтау рәсімі өтті

06/05/2016

Атырау қаласының №2 соты Атырау облыстық сотымен бірлесе отырып ҰОС және сот жүйесінің ардагерлеріне орнатылған ескерткіш тақталарға гүл шоғын қою рәсімін өткізді.

Салтанатты гүл қою рәсіміне Ұлы Отан соғысының ардагерлері Айдын Айбаров пен Орынғали Қарасаев, сондай-ақ облыстың судьялар корпусы және қалалық прокуратура мен ішкі істер басқармасының ұжымы қатысты.

Келе жатқан мерекелермен ардагерлер мен қонақтарды облыстың сот корпусы атынан Атырау облыстық сотының сот алқасының төрағасы Т.Уәлиева құттықтады.

Атырау облыстық сотында Отан қорғаушылар күнін тойлау қарсаңында салтанатты жиын өтті

06/05/2016

Бүгін Атырау облыстық сотының төрағасы М.Бектұрғанов Отан қорғаушылар күнін тойлау қарсаңында салтанатты жиын өткізді.

Шараға Атырау облыстық сотының судьялары мен мамандары қатысты.

Облыстық сот төрағасы өз құттықтау сөзінде біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Келешек ұрпағымызға дейін Отан қорғаушылардың қаһарман ерліктерін ұмытылмайды. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді -деді.

Атырау облыстық сотының өкілдері майдангерге құрмет көрсетті

06/05/2016

Атырау облыстық сотының өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагері Өтәлі Балғымбаевтың үйінде болып, оны Ұлы Жеңіс күні мейрамымен құттықтады.

Кездесу барысында ардагер соғыс жылдары тарихындағы өз өмір жолы жайлы айтып берді.

Отан үшін от кешкендерге құрмет

06/05/2016

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 71-жылдық торқалы тойына орай  Атырау қаласының №2 сотының ұжымы ҰОС ардагерлерімен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында Атырау облысының соғыс ардагерлері Айдын Айбаров пен Орынғали Қарасаев Ұлы Отан соғысы жылдарында кешкен отты күндері мен Жеңіске жеткеннен кейінгі қуанышты сәттерді айтып барша қатысушыларға қызметте өрлеуді және тек халық мүддесі үшін қызмет етуді тіледі.

Құрманғазы аудандық сотының ұжымы тыл ардагерлерін құттықтады

06/05/2016
Кұрмангазы ауданық сотының судьялары Ұлы Жеңістің 71-жылдық мерекесі қарсаңында тыл ардагерлері Төлегенова Қарылғаш мен Қошаева Мұғазима апайлардың үйлеріне барып, мерекемен құттықтады.
 
Кездесу соңында судьялар ардагерлерге соғыс  кезінде тылда көрсеткен ерен ерліктері үшін алғыс білдіріп, өздерінің сый-сияпаттарын ұсынды.
 

Ерліктері мен батылдықтарына басымызды иеміз

06/05/2016

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 71-жылдық мерекесі қарсаныңда Жылыой  аудандық сотының ұжымы Құлсары қаласының тұрғыны, Ұлы Отан Соғысының тыл ардагері Магияш Сабированың  үйіне барып, ардагерді құттықтады.

Жылыой аудандық сотының судьялары Ж.Аятов пен Р.Алдамбергенов Сабирова Магияш әжейге денсаулық тіледі.

Өз кезегінде М.Сабирова сот ұжымына құттықтап келгендері үшін ризашылығын білдіріп, соғыс туралы естеліктерімен бөлісті, сонымен қатар Жеңіс күні - бұл еліміздің ұлы мерекелерінің бірі екенін атап өтті. 

Батырлар қалмас беймәлім

06/05/2016

9 мамыр - Жеңіс күні мейрамы қарсаңында Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Г.Даулетова мен судья Т.Нуримова тыл ардагерлері М.У.Унгаралиевтің және Р.Куспанованың үйлерінде болып, өздерінің құрметтерін көрсетті.

Сот төрағасы ардагерлерді мерекемен құттықтап, олардың еңбегі мен жетістігіне рахметін айтып, ұжым атынан сыйлықтарын табыстады.

Әкімшілік сот ұжымы ҰОС ардагеріне құрмет көрсетті

06/05/2016

Ұлы Жеңістің 71-жылдығы қарсаңында Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ж.Хабаров және кеңсе меңгерушісі Г.Ещанова Ұлы Отан соғысының ардагері Захария Сұлтановтың үйінде болып, өз құрметтерін көрсетті.

Соғыс ардагері З.Сұлтановпен кездесу барысында қонақтар оның 1943 жылдан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқанын және дәл сол кезден бастап Қызыл Армия қатарына шақырылғанын естіп білді. Екі мәрте жарқыншақтан жараланған. Соғысты Кенигсберг түбінде аяқтаған.

Ардагерлерге құрмет көрсету азаматтық парыз

06/05/2016

Бүгін Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай Исатай аудандық сотында сот төрағасының ұйымдастыруымен аудан тұрғыны, nыл ардагері Есболай Қуатұлы Қуатовпен кездесу өткізілді.

Сонау сұрапыл соғысқа елді қорғау үшін аттанып, жанын аямай шайқасқан еліміздің батыр ұл-қыздарын еске түсіріп, жастардың патриоттық рухын көтеріп, болашаққа арнап жақсы тілектер айтылды.

Кездесу соңында сот ұжымы тыл ардагеріне сыйлықтар табыс етті.

Экономикалық сот судьялары ардагерлерді құттықтап барды

06/05/2016

«Ешкім де ешқашан да ұмтылмайды» деген қағиданы басшылыққа алып, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот ұжымы Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерей тойы қарсаныңда,  Атырау облыстық  қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіндегі соғыс Ардагерлері мен Тыл Ардагерлерін Жеңіс Мерекесімен құттықтады. 

Сот ұжымымен дайындалған мерекелік шара сот төрағасы Б.Жаманбаев қарияларды құттықтап,  жылы лебізін білдірді. Кездесу соңы сот мамандарының концерттік бағдарламасымен ұласты.

Ардагерлер қашанда құрметке лайық!

06/05/2016

Атырау қалалық сотының судьялары Ұлы Отан соғысының ардагері Айдын Айбаровты, Александр Смысловты Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, ұжым атынан бағалы сыйлықтар табыс етті.

Ардагерлердің шаңырағында өткен шырайлы отырыс ақсақалдардың майдандағы ерлік әңгімесінен басталып, соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтірудегі қосқан үлестері туралы әңгімелермен өрбіді.

Кездесуде ардагерлер бүгінгі ұрпақтың әр атқан таңына бейбіт күн тіледі.

Махамбет аудандық сотының төрағасы тыл еңбеккерін құттықтады

06/05/2016

Ұлы Жеңіс күніне 71 жыл толу  мейрамына орай,  Махамбет аудандық сотының төрағасы Б.М.Кадыргалиев және судьялар мен кеңсе мамандары Ұлы Отан соғысы жылдарында  тылда еңбек еткен тыл еңбеккері 81 жастағы Молдашев Әміржан ағайды  Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, оған мықты денсаулық, жанұялық бақыт және олардың ұрпақтарына бейбіт және молшылық өмір тілеп, естелік сыйлықтар табыс етілді.                                                       

Біздің ардагерлерімізге көрсетілген құрмет

06/05/2016

9 мамыр - Жеңіс күні мейрамы қарсаңында Мақат аудандық сотының төрағасы М.Искаков пен кеңсе меңгерушісі С.Сагинова тыл ардагері Ж.Ерғазиеваның үйінде болып, өздерінің құрметтерін көрсетті.

Сот төрағасы өз сөзінде ардагерге аудандық сот ұжымы атынан осы күнге жеткізген еңбегі мен жетістігіне рахметін айтып, ол кісінің болашақ жастарға жасаған еңбектерін тыңдап, ұжым атынан бағалы сыйлықтарын табыстады.

Кездесу соңында тыл ардагері Ж.Ерғазиева ұжымға алғысын айтып, ризашылығын көңілін білдірді.