Архив событий

16/05/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін талқылау бойынша семинар өтті

16/05/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексін талқылау бойынша семинар өтті.

Семинарда сот жүйесі туралы мәселелер, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, мемлекеттік қызметшілердің сот әдебі ережесі, жалпы мінез-құлық стандарттары туралы айтылды.

Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары толықтай атап көрсетілді.

Кезекті медиациялық келісім бекітілді

16/05/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында талап қоюшы «Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжі» ЖШС-нің жауапкер А.Тусипкалиевтен 32 000  теңге білім беру қызметтерін көрсету шарты бойынша шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында талап арызды негізінен қарауға әзірлеу кезінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынды, медиациялық келісім бойынша жауапкер талап қоюшыға 32 000 теңге берешегін 2016 жылдың 16 мамыр айына дейін толықтай төлеуге келіседі.

Азаматтық іс жеңілдетілген тәртіппен қаралды

16/05/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотына  «Еуразиялық Банк»  АҚ-ы  жауапкер Б.Ж.-дан несие шарты бойынша берешекті өндіру туралы талап арызымен жүгінген.

Сот  тараптарды шақырмай, істі жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарап, талап арызды толық көлемде қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында ашық есік күні өткізіледі

16/05/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында соттың ашықтығы мен қолжетімділігін насихаттап, сот жүйесінің беделін арттыру, аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсету және сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында, өндірістегі істерге қатысушылардан тыс, келушілерге ашық есік күні өткізіледі. 

Ашық есік күні 2016 жылдың 24 мамыр күні сағат 10:00 – 12:30аралығындасот ғимаратында азаматтарды кабылдау бөлмесінде жүзеге асырылады. Сот төрағасы Айдарбек Дүйсебалиев азаматтарға жеке қабылдау жүргізеді. 

Талап арызды толықтай қанағаттандыру туралы шешім шығарылды

16/05/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотының шешімімен талап қоюшы «Евразийский Банк» АҚ-ның жауапкер Т.Е.-ге банктік несие шартымен берілген қарыз ақшаны өндіріп алу туралы талап арызы толықтай қанағаттандырылды. 

Сот отырысы барысында дауды партисипаивті рәсім тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді

16/05/2016

«Транспортировка Экология Сервис (ТЭС)» ЖШС-гі жеткізу келісім шарты бойынша «Корпорация Аскар-Бек» ЖШС-нен 6 759 050 теңгені өндіруді сұрап сотқа талап арызбен жүгінді.

Сот отырысы барысында тараптар екі жақтың адвокаттарының келісу жолымен жасақталған партисипативтік келісімді  сотқа ұсынды.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 11  мамыр 2016 жылғы ұйғарымымен дауды патисипативті рәсім тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді.