Архив событий

05/05/2016

Мәңгілік рух, өшпес даңқ

05/05/2016

Айтешев Қадырхан 1912 жылы Гурьев облысы Жылая Коса ауданы Ақжайлақ елді мекенінде  дүниеге келді.

1933-34ж.ж. Ақтөбе облысында  комсомол қызметкері болып  ебек жолын бастады.Қазақ коммунистік журналистика институтында 1940-41ж.ж. оқыған.

 1946-1948 ж.ж. Алматы заң мектебінде  білімін жетілдірді.

Индер аудандық сотының ұжымы ардагерлерге құрмет көрсетті

05/05/2016

Ұлы Жеңіс күніне 71 жыл толу  мейрамына орай,  кеше Индер аудандық сотының төрағасы Д.Тухфатова және судьялар мен кеңсе мамандары Ұлы Отан соғысы жылдарында  тылда еңбек еткен тыл еңбеккерлері 85 жастағы Қожасова Бәтіш пен 82 жастағы Мухамбетжанова Рания апайлардың үйлеріне барып, оларға мерекелік көңіл - күй сыйлап, мерекемен құттықтады.

Қызылқоға аудандық сотының ұжымы Ұлы Жеңістің – 71 жылдығын атап өтуде тыл ардагерімен кездесіп, құрмет көрсетті

05/05/2016

Қызылқоға аудандық сотының ұжымы, Ұлы Отан Соғысының 71 жылдығын мерекелеудегі іс-шараларын ұйымдастырып, тылда ерен еңбегімен, темірдей төзіммен жеңіс күнін жақындатқан тыл ардагері, 1926 жылы туылған Шапихов Хайролланың  отбасына барып, сый-құрмет көрсетті.

Мереке қарсаңында құттықтай барған аудандық сот төрағасы Айдарбек Дюсебалиев пен сот мамандарына майдан даласындағы өмір қаншалықты қиын болса, тылдағы тіршіліктің азабы одан кем болмағанын Хайролла ата тебіреніспен жеткізді.

Мақат аудандық сотының судьялары ҰОС ардагерлерін құттықтады

05/05/2016

Ұлы жеңіс мерекесін тойлау қарсаңында Атырау облысы Мақат аудандық сотының судьялары 97-жастағы ҰОС ардагері Оңайбаев Есболмен кездесті.

Аудандық сот судьялары Б.Измагамбетова және Г.Чингисов ардагерді құттықтап, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі бастан өткен ауыр кезеңдерге төзіп, олардан өткені үшін шексіз алғыс білдірді. Осы кездесуден естелік ретінде ардагерге сыйлық табыстады. 

Ювеналдық сот ұжымы соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті

05/05/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұжымы Отан қорғаушылар күнін және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеуге арналған іс шаралар жұмысын ұйымдастырды.

Бүгін, сот төрағасы Б.Жұмабаев, судья Б.Идрисов сот мамандарымен фашизмді жеңу ісіне үлес қосқан Атыраулық соғыс ардагерлері Анвар Шарафуденов пен Михаил Ахметұлы Андакуловқа Атырау облысының сот корпусы атынан алғыс білдіріп, құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтары мен ықылас гүлін табыс етті.