Архив событий

12/05/2016

Отбасылық дау адвокаттармен реттелді

12/05/2016

Атырау  қалалық сотымен талап қоюшы А.  жауапкер В.  кәмелетке толмаған балаларымен бірге пәтерден шығару және В-ның А-ға меншік құқығын сақтау, берілген құқығымен қолдану туралы қарсы талабымен қозғалған азаматтық істі  қарау  барысында  тараптар өздерінің құқықтарын пайдаланып дауды партисипативтік келісіммен реттеуді ұсынды.

Отбасылық даудың шешілуіне Атырау облыстық адвокаттар  алқасының  мүшелері  - адвокаттар  Д.Сатайбаева  мен  И.Сутягина жәрдемдесті.

Сапасыз тауарға төленген ақша тұтунышыға толығымен қайтарылды

12/05/2016

Атырау  қалалық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер «КазОбувь» ЖШС-нен  тауар сомасын  және айыппұлды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы «КазОбувь» ЖШС-нің дүкенінен құны 21 525 теңгеге қысқы аяқ киімін сатып алған, сатып алғаннан кейін үшінші күні  алған қысқы аяқ киімінің ыңғайсыз қалпының кесірінен жүрген кезде аяқта ыңғайсыздық пайда болғанын, тобығы алға қарай жылжып, екі аяқтың  саусақтары бүгілетін болған.

Кәмелетке толмаған бойжеткендерді мас күйге жеткiзгені үшін жауапкершілікке тартылды

12/05/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 131 бабымен айыпталған құқықбұзушы К.Ш.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

2016 жылдың ақпан айында құқықбузушы К.Ш. Атырау қаласындағы, С.Датов көшесінде орналасқан жалданбалы пәтерде, жастары кәмелетке толмаған,  2000 жылы туылған Динарамен Маринанымасаң күйге дейiн жеткiзген.

Өзбекстанның екі азаматы әкімшілік жауаптылыққа тартылды

12/05/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Өзбекстан Республикасының екі азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматтары Атырау облысы ІІБ КҚП-на Мақат поселкесі К.Сатпаев көшесіндегі үйге уақытша тіркелген.

Алайда, полиция қызметкерлерімен жүргізілген тексеру кезінде анықталғандай олар Атырау облысы ІІБ КҚП-на хабарламай, тұрғылықты жерлерін өзгертіп, басқа жерде тұрып жатқаны анықталған.

Заңсыз адам тасымалдағаны үшін айыппұл төлейтін болды

12/05/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы К.Е-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2016 жылдың наурыз айында Махамбет аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының тақырыптық тексеруі барысында К.Е.-нің «Lada 21705 168-31» маркалы көлік құралымен салық органы есебіне кәсіпкер ретінде тіркелмей, автокөлікпен кісі тасымалдау үшін арнайы рұқсатсыз заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында оқу семинары өтті

12/05/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен  «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы қылмыстық істерді тіркеу және іс жүргізу мәселелерін түсіндіруге арналған оқу семинары өтті.

Аудандық соттың бас маманы А.Оспанова сот қызметкерлерінің назарына электронды түрде түсетін қылмыстық істерді тіркеу тәртібін ұсынып, «Төрелік» бағдарламасы бойынша электрондық карточкаларды толтыру тәртібін түсіндірді.

Лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

12/05/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, сот өндірісінде қаралып жатқан Жұмагалиев пен Исмагамбетовке қатысты қылмыстық іс бойынша, жәбірленуші жол патрульдік полицейі Б. тиісті түрде тағайындалған сот отырысына жәбірленуші ретінде шақыртыла тұра, сот отырысына негізсіз келмей, сотқа  құрметтемеушілік білдірген.

Дау тараптардың татуласуымен аяқталады

12/05/2016

Жеке кәсіпкер Т.Мамбетов «Kazakhstan New Energy Corporation» ЖШС-нен 700 000 теңге берешекті өндіруді және жасалған жұмыстардың актісіне қол қоюды міндеттеуді сұрап сотқа талап арыз келтірген.

Сотта тараптардың өкілдері бітімгершілік келісім бекіту туралы өтініш білдірді. Келісім шарт бойынша жауапкер талап қоюшыға берешек сомасы 250 000 тенгені 2016 жылдың 15 майға дейін төлеуге міндеттенеді. Талап коюшы жауапкерден 700 000 теңге өндіру, және жасалған жұмыстардың актісіне қол қоюды міндеттеу туралы қойған талабынан бас тартады.