Архив событий

13/05/2016

Борышкер қарызын жылқы беріп өтеймін деп міндеттенді

13/05/2016

 Атырау облысының Индер аудандық сотының ұйғарымымен талап қоюшы  А.Батырғалиевтың жауапкер Р.Қанатовқа міндетеммені орындату жөніндегі азаматтық ісі қаралып, тараптар бітімгершілікке келуіне байланысты, келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Заңсыз арақ сатушы заң алдында жауап берді

13/05/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 282 бабының 3 бөлігімен құқықбұзушы азаматша Ұ.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2015 жылдың қазан айында жеке кәсіпкер азаматша Ұ.-ның меншігіндегі Атырау қаласы, Еркінқала селосында орналасқан «Б-И-Жан» дүкенін тексеру барысында алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкқұжаттарынсыз 39 бөтелке, жалпы құны 10 200 теңге алкоголь өнімін сақтап және сатуға шығарылып тұрғаны анықталған.

Құқықбұзушы кінәсін мойындап, өкінетіндігін айтты.

Жол көлік оқиғасы жолаушылардың денсаулығына зиян келтірді

13/05/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345 бабының 1 бөлігімен сотталушы А.Т.-ке  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы А.Т. 2015 жылдың желтоқсан айында өзінің басқаруындағы «Лада 21703» маркалы автокөлігімен Атырау-Орал тас жолы бағытына шығып, автокөліктің басқару жүйесін игере алмай, өз бағытымен келе жатырған жүргізуші М.Б.-тың басқаруындағы «Ваз 21703» маркалы автокөлігіне соқтығыс жасаған. Нәтижесінде жолаушылар А.Ж. мен А.Е.-тың денсаулығына абайсызда ауырлығы орташа зиян келтірілген.

Сатып алушының талаптары медиациялық келісіммен реттелді

13/05/2016

Атырау қалалық сотында тұтынушы А.-ның мүддесінің атынан  Атырау облысының «Ұлттық тұтынушылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдігінің жауапкер «Атырау-Автоцентр»  ЖШС-не сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық  іс қаралды.

Тараптармен  медиатор  ретінде іс жүргізіп  жатқан судья  таңдалды.

Атырау облысы Индер аудандық сотының шешімімен сот орындаушының әрекеттері заңсыз деп танылды

13/05/2016

Индер аудандық сотының шешімімен «2019 әскери бөлім шекара қызметі ұлттық қауіпсіздік Комитеті» Республикалық Мемлекеттік мекемесінің Индер аумақтық сот орындаушысы Қ.Ж. әрекетін (әрекетсіздігі)  заңсыз деп тану, оның арызын өндіріске қабылдауды міндеттеу туралы шағым арызы толықтай қанағаттандырылды.    

Заң талабын орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

13/05/2016

Құқықбұзушы Б.Женчурин Исатай аудандық сотының 2016 жылдың 19 ақпандағы қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан айрылған адам бола тұра, қайтадан Аққыстау селосында «Shevrolet Cruize» маркалы автокөлігін басқарып келе жатқанда ЖППР-ның полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.

Сот отырысында Б.Женчурин өз кінәсін толық мойындады.

Атырау облысының Құрманғазы аудандық соты медиациялық келісім бекітілуіне байланысты істі қысқартты

13/05/2016

Талап қоюшы Б.В. жауапкер К.А.-дан 358 960 теңге жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық залалды өндіріп беруді сұрап сотқа жүгінді.

Сотта тараптар медиатор Н.Нұғмановтың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш түсірген.

Сот аталған медиативтік келісімді бекіту тараптар мен үшінші тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қайшы келмейді деп тұжырымдап, аталған азаматтық ісі бойынша іс жүргізу медиативтік келісім бекітілуіне байланысты қысқартылды.