Архив событий

14/05/2016

Атырау облыстық соты жалпықалалық сенбілікке қатысты

14/05/2016

Бүгін Атырау облыстық сотының судьялары мен  қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Жыл сайын өткізілетін экологиялық айлық аясындағы сенбілік Атырау қаласының аумағын абаттандыруға, көгалдандыруға және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Сенбілікте сот қызметкерлері өсіп кеткен шөптерді жұлып, қоқыстарды жинады. Сондай-ақ сот ғимаратына тиесілі аумақты ретке келтіріп, жол жиектемелері мен теректердің түптерін әктеді.

Атырауда қалалық және экономикалық соттар ұжымы сенбілік ұйымдастырды

14/05/2016

Атырау қалалық және Атырау облысының ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттарының судьялары мен мамандары сенбілік ұйымдастырды.

Сот қызметкерлерімен сот ғимаратының аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді. Керек құрал-саймандармен жарақтанған сот қызметкерлері ерекше ынтамен аумақты өсіп кеткен шөптер мен қоқыстан тазалады.

Аталған қоғамдық шара соттардың ғимаратын тиісті дәреже де сақтау мақсатында жиі өткізіліп тұрады