Атырау облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың 27 мамырында сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Атырауе облыстық сотының төрағасы Марғұлан Жұбанышұлы Бектұрғанов сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін интернет-конференция өткізеді.

Интернет-конференцияға қатысамын деуші азаматтар Атырау облыстық сотының веб-сайтындағы /www.atr.sud.kz/ әрі қарай http://atr.sud.kz/rus/node/add/question төраға блогына кіріп, ондағы «Сұрақ-жауап» айдарына немесе atr.sud@mail.ru электрондық поштасына өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын жолдай алады. Барлық сұрақтарға жауаптар сол күні облыстық соттың сайты арқылы беріледі.

 

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі