Архив событий

01/06/2016

Қылмыстық іс татуласу жолымен тоқтатылды

01/06/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігімен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) айыпты деп танылған сотталушы К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, сотталушы К. күндізгі уақытта «Болашақ» азық-түлік дүкенінің ішінде жүріп, әйел адамның сумкасының ішінен барлығы 530 000 теңге ақшаны ұрлап алған.

Сот отырысында сотталушы К.өзінің айыбын толықтай мойындап, әрекетіне өкініп, жәбірленушіден кешірім сұрады.

1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды

01/06/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен құқықбұзушы Т.Р.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Т.Р. 2016 жылдың мамыр айында өзінің басқаруындағы «Nissan» маркалы көлік құралын Атырау қаласы, Владимирский көшесімен жүргізе отыра, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын бұзып, үздіксіз-ақ жолақты қиып, кедергіні айналып өтіп, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып жүргізген.

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

01/06/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы У.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы У. 2016 жылдың наурыз айында Қарабатан зауыты көшесінде «Toyota Land Cruiser 78» маркалы автокөлігімен жәбірленуші Н.-ның«Toyota Hailx» маркалы автокөлігіне соқтығысып, өзге көлік құралының бүлінуіне әкеліп соқтыратындай дәрежеде материалдық залал келтірген.

Татуластыру рәсімдері отбасын сақтауда ықпалын тигізуде

01/06/2016

Атырау қалалық сотымен ерлі-зайыптыларды татуластырудың, кәмелетке толмаған балалардың толық отбасында өмір сүруі үшін барлық шараларкеңінен қолданылуда. Отбасын сақтау-мемлекеттілігіміздің дамуының кепілі. Сондықтан отбасы дәстүрі жан-жақты нығайуы қажет.