Архив событий

10/06/2016

Ювеналды сотта «Медиация туралы» Заңды насихаттау жалғасуда.

10/06/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Медиация туралы» Заңды насихаттау және қолдану бойынша қарқынды жұмыс жасалуды жалғастыруда.

Осы аптада сот төрағасы судья Б. Жумабаевтың төрағалық етуімен  балаларымен кездесу уақытын анықтау туралы дау тараптардың сот медиациялық келісімімен аяқталса,  судья Н.Искакованың төрелік етуімен қаралған алимент мөлшерін азайту жөніндегі азаматтық іс кәсиби медиатордың  қатысуымен, тараптардың өзара медиациялық келісімімен аяқталды. 

Тергеу судьясымен күдіктіге екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» санкциясы берілді

10/06/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының тергеу судьясымен күдікті Д.С.-ға бұлтартпау шарасы ретінде 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау»  санкциясын беру  туралы өтініш қаралды.

Отыз жастағы күдіктінің нәзік жанды әйел адамға күш қолданып, қорқытып, өлтіру қатерін төндірумен ұласқан іс әрекеті Қазақстан Республикасының ҚК-нің 120 бабының 2 бөлігінің 2) тармағымен сараланған.

Білім саласындағы бақылау Департаментінің нұсқамасын орындамай, әкімшілік жауапкершілікке тартылды

10/06/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінен түскен «Қызылқоға аудандық Жамансор бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісіне қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушының іс-әрекеті Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 462 бабының 3 бөлігімен  дәрежеленген, себебі, ол мемлекеттік бақылау және қадағалау органдардың заңды талаптарын тиісінше толық орындамай, нұсқаманы бұзған.