Архив событий

22/06/2016

Конкурс жариялаймыз!

22/06/2016

Төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурстуралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

C-R-5 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Медиациялық келісім бекітілуіне байланысты тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

22/06/2016

Атырау қаласының №2 сотында жәбірленуші Е.-ге тиесілі 200 000 теңге ақшасын алдау жолымен иемдену арқылы алаяқтық қылмыс жасап, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190 бабының 1 бөлігімен  айыпталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Басты сот талқылауы барысында сотталушы мен жәбірленуші медиациялық келісім жасасты. Келісім шарттары бойынша сотталушы жәбірленушіге келтірілген залалды толығымен өтеді, ал жәбірленуші өз кезегінде қылмыстық істің өндірістен қысқартылуына келісімін берді.

Атырау қалалық сотымен сот отырысы залында ұялы телефон қолданғаны үшін жеке ұйғарым қабылданды

22/06/2016

Атырау қалалық сотымен 13 маусым 2016 жылы жеке сот орындаушы З.Саясаттың борышкер А.Хасановқа берілген жүргізушілік арнайы құқығын уақытша тоқтату туралы ұсынысы қаралды.

Аталған ұсынысты қарау барысында жеке сот орындаушы З.Саясаттың өкілі А.Ж.Уакит сот отырысына бірнеше ескертулерге қарамастан ұялы телефонмен қатысқан. Ұялы телефонғына қоңырау түсіп, соның салдарынан сот отырысының тәртібі бұзылған.

Немересімен кездесу жөніндегі дау медиациялық келісіммен аяқталды

22/06/2016

Сот тәртібінде қарауға жататын даулар санын қысқарту, оларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, татуласу рәсімдерін және медиацияны дамыту маңыздылығын Елбасы  Судьялардың VI съезінде  атап көрсетті.

Ашық есік күндерін өткізу халықтың сотқа деген сенімін нығайтады

22/06/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында соттың ашықтығы мен қолжетімділігін насихаттау, халықтың сотқа деген сенімін нығайту, аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсету мақсатында ашық есік күні өткізілді.

Ашық есік күнінің өткізілетіні алдын-ала село тұрғындарына хабарлау  үшін «Қызылқоға» аудандық газетінде хабарландыру жарық көрді.  

Сот төрағасы А.Дюсебалиев өндірістегі істерден тыс келген село тұрғындарын қабылдап, көкейінде  жүрген сауалдарына жауап берді.

Жер телімін босату жөніндегі іс бойынша медиациялық келісім бекітілді

22/06/2016

Талап қоюшы М.А. өз талап арызында жауапкер Б.Т.-ны жер телімін босатуын міндеттеп беруді сұраған.

Осы талап арыз бойынша Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында судьяның жәрдемдесуімен медиация келісімі бекітілді.

Сот отырысында тараптар сотқа медиациялық келісімді бекіту туралы өтінішпен жүгінді.