Архив событий

14/06/2016

Көршісіне қыр көрсетем деп жазаланды

14/06/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотының қаулысымен Индер ауданының тұрғыны Е.М. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының  1 бөлігімен кінәлі деп танылды.

Е.А. 2016 жылдың маусым айында арақ ішкен мас күйінде көршісінің үйіне барып, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, көршісі А.Ғ.-ны себепсіз балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, айқай-шу шығарып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.

Салық төлеуші ретінде тіркеуге тұрмаған заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды

14/06/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463 бабының 2 бөлігімен «Тимберлиг» ЖШС-не  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Сағыз селосында орналасқан  кафенің бір бөлмесін жалға алып, жұмыс жасап тұрған ЖШС-ге тиесілі букмекерлік кеңсеге мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген тексеру кезінде, оның Қызылқоға ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағаны және қызметтің жекеленген түрлері бойынша тіркеуге тұрмағаны анықталды.

Заңсыз балық аулағаны үшін айыппұл

14/06/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383 бабының 4 бөлігімен құқықбұзушы О.Е.-ге қатысты әкімішілік іс қаралды.

О.Е. өзіне әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, 2016 жылдың сәуір айында Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылы қасындағы Приморский өзегінің жағалауы бойынан, қолдан жасалған «телевизор» ау құралымен балық аулап келе жатқан кезінде Жергілікті полиция қызметінің инспекторларымен ұсталған.

Атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

14/06/2016

Исатай ауданының тұрғыны Ш.Е. өндіріп алушы Қ.Н-нің пайдасына 1/4 алимент өндіру туралы Атырау облысының Исатай аудандық сотының 2012 жылғы 09 қарашадағы шешімін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының талабы бойынша Ш.Е.-ні әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.