Архив событий

15/06/2016

Қызылқоға аудандық сотында «Гендерлік білімді жетілдіру – уақыт талабы» тақырыбында семинар өткізілді

15/06/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының судьялары мен сот мамандарының арасында гендерлік білімді насихаттау жұмыстарын одан әрі жетілдіру мақсатында «Гендерлік білімді жетілдіру – уақыт талабы» тақырыбында семинарлық оқу сабағы өткізілді.

Бұқаралық ақпараттық құралдарымен байланыс- қоғамның сот ісін жүргізуді түсінуінің басты мақсаты

15/06/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотының төрағасы А.Саудабаев және бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты қарым-қатынас орнату жұмысын  атқарып отырған судья-координатор  Ш. Исмағамбетова және төртінші билік өкілдері аталатын журналистер қауымымен кездесті. Кездесуге «Кең Жылыой» газетінің тілшісі Е.Қошақанов пен «Жылыой жарнамасы» газетінің бас редакторы  Н.Ақназаров қатысты.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

15/06/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотында үш Өзбекстан  Республикасы азаматтарына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Өзбекстан Республикасының азаматтары 2016 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасына кіріп, Атырау қалалық ІІБ-нің КҚПБ- не 02 шілде 2016 жылға дейін тіркелген.

Сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады

15/06/2016

2016 жылдың маусым айында Азғыр ауылдық округі Қоңыртерек ауылында күдікті Б.О. мен  жәбірленуші У.К. араларында төбелес орын алып, Б.О. денсаулыққа ауыр зиян келтіру мақсатында У.К.-ны қасақана бірнеше рет ұрып-соғып, әр-түрлі дене жарақатын салған. Нәтижесінде жәбірленуші У.К. алған ауыр дене жарақаты салдарынан қаза болған.

Аталған қылмыстық оқиға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуын тіркеу тізбесіне енгізіліп, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 3-ші бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. 

Отбасылық дау сотқа жеткізді

15/06/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы М.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы М.А. 2016 жылдың мамыр айында жұбайының апасының үйіне барып, оны өзінің жұбайы Г.К.-ны тауып беру жөнінде мазалап, қолынан жұлқылап, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот, істің мән-жайларын толықтай зерттеп, М.А.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 21 210 теңге айыппұл салды.

Басқа бәле - тілден

15/06/2016

2016 жылдың маусым айында А.М. алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде Аққыстау селосында орналасқан Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратының алдында Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары А.Б.-ны боқтап-балағаттап, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында құқықбұзушы А.М. аталған ұсақ бұзақылықты жасағанын мойындайтынын көрсетті.

Гражданин, лишенный права управлять транспортом, совершил уголовный проступок

15/06/2016

Макатским районным судом Атырауской области  рассмотрено уголовное дело в отношении осужденного Евсюкова Р., преданного суду по ч.1 ст.346 УК Республики Казахстан.

Подсудимый Евсюков Р. в мае 2016 года в поселке Доссор, управляя автомобилем в состоянии алкогольного опъянения, допустил дорожно-транспортное происшествие.

Из материалов дела следует, что Евсюков Р. ранее был лишен права на управление транспортным средством.

Өз берекесін өзі кетірген

15/06/2016

Құқықбұзушы Д.Р. 2016 жылдың мамыр айында автокөлігін Аққыстау-Өркен тас жолы темір жол өткелі тұсында алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде басқарып келе жатқанда жол-патрульдік полициясы тоқтатқан.