Архив событий

02/06/2016

Қызылқоға аудандық сотында 4 маусым – Рәміздер күні мерекесіне орай дөңгелек үстел өткізілді

02/06/2016

Атырау облыстық сотының Қызылқоға аудандық сотында мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу, оны кейінгі ұрпаққа мәңгілік мақтаныш тұтатын символ екенін ұғындыру мақсатында 4 маусым – Рәміздер күні мерекесіне орай, «Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу әр азаматтың парызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің, аудандық прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімі, әділет басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы және «Қызылқоға» газетінің өкілдері қатынасты.

Мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

02/06/2016

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі:

 

1.       Дабисова Жанаргул Азирбаевна - Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы лауазымына (С-О-5 санаты) – тұрақты орынға;

Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

02/06/2016

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі:

 

Балағаттағаны үшін айыппұл жазасына кесілді

02/06/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің434 бабының 1 бөлігімен Ә.Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Ә.Д. 2016 жылдың сәуір айында Жайық өзені жағалауында, яғни қоғамдық орында Атырау инспекция бөлімінің мемлекеттік инспекторы М.К.-ны балағаттап, былапыт сөйлеп, яғни жеке тұлғаның тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін қамаққа алынды

02/06/2016

Жылыой аудандық жер кадастр бөлімінің технигі К. Құлсары қаласы әкімінің жер беру туралы шешімін заңсыз деп танып күшін жою, жер учаскесін сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану және жер учаскесін қайтару туралы  азаматтық іс бойынша соттың 28 наурыз 2016 жылғы ұйғарымымен іске маман ретінде шақыртылып, 27 сәуір 2016 жылғы сот отырысына, содан кейін 20 мамыр 2016 жылы тағайындалған сот отырыстарына дәлелсіз себептермен келмей, жазбаша қорытындысын сотқа табыс етпей, сотқа құрметтемеушілік білдірген.